Тарих | Кенжебек Шәкенов
Кенжебек Шәкенов (1924, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. Қазақ. 7-сыныпты бітірген соң «Боко» руднигінде әуелі кара жұмысшы, кейін ауысым шебері болып істеді. 1942 жылдың тамызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылы Ташкенттегі пулемет училищесін бітірген соң майданға аттанды. 62-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрылып болысымен, Днепр жағалауына жылжып келді де, 2-Украина майданының 37-армиясы құрамына енгізілді. Днепр бойында кескілескен шайқастар болып жатты. Осы уақыт ішінде 184-гвардиялық атқыштар полкі Днепрдің оң жағалауына етіп, қолайлы бекініске орнықты. Келесі күні таң ата полк шабуылға көшті. Жауынгерлік күзетте болған пулеметші Шәкенов жаудың 3 рет жасаған шабуылын тойтарып, 17 әскері мен офицерін және ірі калибрлі пулеметін жойды. ¥рыс кезінде 2 рет жараланды. Днепрден өтуде көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін Шәкеновке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.2.1944). 1944 жылы наурызда Ашхабадтағы жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілді. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Тараз қаласындағы құрылыс тресінде қызметте болды
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?