Тарих | Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар.
1. Сақ тайпалық одақтары. Сарматтар.
2. Үйсін және Қаңлы тайпаларының одағы.
3. Ғұн тайпалары.
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийші- лер, есседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ-тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ-парадараяндарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтоғы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үскифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар болған.
Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден іселінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер.
Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерігнің бірі-тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға қатысқан.
Персия мемлекетінің патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде, сақтармен одақ жасасып, олардан әжептәуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін Кирдің әскерлері Сақтардың жеріне басып кіреді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтарлың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады.Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді.
Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын I Дарий (б.з.б. 521-486 жылдар) жалғастырды. Жеке-жеке отырған Сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын ұланының құрамына кіріп қызмет етті.
Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдарында македониялық гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид. III Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты (Самаркандты) алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кіші-гірім "Александар Крайный” немесе "Шеткі Александр” деген қала салдырды.
Александр Македонскийдің басқыншылық әрекетіне қарсы көшпелі Сақ тайпалары асқан ерлікпен, табан тіресе соғысты, кескілескен ұрыстарды катапультпен қаруланған гректер оқтың күшімен сақтарды кейін шегіндірді. Соғыста сақтар мыңдаған адамынан айырылды. Гректер сақтардың біраз жерін басып алды. Бірақ Алексендар Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде көп тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың тынымысыз шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып қалуы гректерді қашуға мәжбүр етті. Олар Сыр бойындағы "Шеткі Александрді” тастап, Самарканд қаласына шегінді. Сөйтіп Сырдария сыртындағы Сақ тай- палары грек басқыншылығына қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де болмайды. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп қонып жүрді.
Сақтардың мал шаруашылығын негізгі бағыты қой шаруашылығы еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөль атқарады. Өйткені ол мінсе көлік, жесе тамақ, ім-шсе сүті сусын қымыз.
Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Иппократ скифтер- дің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: «Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды… бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін». Оңтүстік Қазақстан жеріндегі (Сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б. өзендер бойы) сақ тайпалары егіншілікпен де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде (Сырдария) суармалы егін шаруашылығы дамыған.
Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен де шұғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршалып аулайтыны бейнеленген.
Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Сақтар темірден үзеңгі, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер-ақинақ, қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады. Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, суйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, балта, темір ілгектер, шоттар, қашаулар т.б. заттар жасалынды.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың әлеуметтік қоғамы жөніндегі айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін көрсетуге болады. Бірінші-әскери топтар, екіншілері-ауқатты бай топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері-жай қатардағы сақтар, бұлар кедейлер, оларға соқа және екі өгіз тән болған.
Сарматтар деген халықтың аты б.з.б. III ғасырдан бері белгілі. Сол кез- дері сарматтардың скифтері жаулап алуы басталады. Олар Скифияның едәуір бөлігін басып алып, жеңілгендердің бірінде қалдырмай қырып-жойған. Сөйтіп елдің басым бөлігін шөлге айналдырған. Сарматтардың бір тайпасы-роксолондар б.з.I ғасырында Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Олардың ізімен алаңдар жүріп отырған.
Сарматтар өздері басып алған жерлер халықтарының саяси өміріне белсене қатысқан: Мысалы, б.з. дейінгі II ғасырдың соңғы кезінде Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста сарматтық росоландар скифтерге қосылады. Б.з. дейінгі I ғасырда Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з. дейінгі 49-жылы римдіктер мен сарматтар тайпасы бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сарматтардың басқа тайпасы) жеңеді. Басқа тайпаларға қарағанда жорыққа кешірек шыққан алаңдар Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейінірек олар ғұндарға қосылып, Испаниядан барып шығады. Жалпы атауы сарматтар деп аталатын, қандас-туыс бұл тайпалар одағы Оралдың оңтүстік өңірінен шыққан болатын.
Б.з.б. IV ғасырдың бас кезінде сарматтар Доннан Ембіге дейінгі жерлер- ді алып жатқан. Осынау уақытта бұл жерде мәдениеттің екі басты бағыты құрылып қалыптасты, олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті мен Шығыс Орал мәдениеті.
Сармат тайпалары (Прохоров мәдениеті) өлген кісілерін әдетте топырақ үйінділерінің астына қойған. Олар қабірдің үстін немесе айналасын балшықпен сылап не таптап, кейде тіпті тегістеп күйдіріп алаңқай жасап қоятын болған. Сол сияқты олар қбірдің ішін ағашпен, кесінділермен не қабықпен көмкереді екен.
Екінші кезеңде (Суслов мәдениеті) б.з. дейінгі II ғасырдың аяғынан б.з. I ғасырының ьасына дейін қабір құрылысының түрлері өзгермей, бұрынғы күйінде қала береді. Бірақ бұл кезде ішкі көмкермелері молалар саны күрт кеміп, жасанды үңгірлер мүлде жоғалады. Кемері кертпелі лақатты тепкішекті моладар түрі сақталып қалады.
Б.з. II-IV ғғ. сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі аймақтарын қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа түгел тарайды. Сармат тайпаларының басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Сарматтар көбінесе жылқы мен қой өсірген. Климаты аса қатал кон- тиненталды келетін аймақтың қысқы күндерінде малшылар малға табиғи панасы бар, жері ойлы-қырлы аудандарға көшіп отырған.Олар шөбі шүйгін жерлерді іріктеп пайдаланып, олараның шөбі тапталғаннан кейін, жаңа жайылымға көшетін болған. Осының нәтижесінде су көздерінен алыс жатқан жалпақ жазықтағы кең жайылымдар, мал айдап көшіп өткендеғана болмаса, өте аз пайдаланылған.
Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Батыс үйсіндердің шекарасы Шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысы ғұньмо деп аталған. Үйсін ғұньмосының ордасы Чигу-Чэн ("Қызыл-Аңғар қаласы”) Есік көлдің жағасында болған. Ол ертеден белгілі "Ұлы Жібек” жолындағы маңызды сауда орталығы.
Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. 2-ғасырдың аяқ шенінде белгілі бола бастайды. Қытайдың Хань Император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, "Батыс өлкесіне” б.з.б. 138 ж.Чжан Цянь бастаған елшілік жібергенде ол Жетісуда болып, үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің жалпы саны 630 мың адам, 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.
Б.з.б. 73-жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және ғұньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі де ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғұн әміршілерінің қыздарын үйсін ғұньмоларына әйелдікке беріп отырды.
Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егіншілік кәсіпті де білген. Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғы ауланған. Үйсіндер жүн тоқып, тері илеп, киім қылып киген.
Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және дін адамдар, жрецтер болып сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапйым топтарға бөлінген. Үйсіндержің әлеуметтік топқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді.
Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда "Кангют” деген атпен қытайға белгілі қаңлы түрік тұқымдас тайпалар да болған. Сырдария және Талас өзенінің бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегінде Кангюй князьдігіндегі 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер екен. Қаңлылар үйсіндер тарапынан қысым көріп, ғұндардан жәрдем сұрап, көмек алып отырған.
Қаңлы тайпасының қандай кәсіппен шұғылданғаны жөнінде мағлұмат аз. Бірақ оларда мал шаруашылығы кеңінен дамыған, егіншілік кәсібімен айналысқан, қолөнер ісінде олар алтын, күміс және бұйым жасауды білген. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.
Б.з.б. Iмың жылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі күшейе түсті. Осы өңірде, Байқалдан Оңтүстікке таман және Ордосқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді.
Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсіресе б.з.б. III ғасырда мейілінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғұн” деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжанды.
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б.з.б. 209 жылы "ғұн үйінің өрлеуі” кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде (Боғда) батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы б.з.б. 230, өлген кезі б.з.б. 174 жыл.
Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін бірсыпыра реформа- лар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғұндар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап оны бағындырды. Б.з.б. 200-жылдары ғұндар қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалушы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. Б.з.б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императры "тыныштық және туыстық” жайлы шартқа қол қойды. Мөде қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, ал Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Соқ-ғыстың нәтижесінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі ғұндардың қол астына көшті. "Ғұн державасы” орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері де бартын. Мұның өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды.
Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монғолияға және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бұлардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды.
Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне тұңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань имприясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулерімен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.
Олар Тарбағатайға дейін келіп Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Бұлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, алаңдар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.
Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила (Әділ) Румыния және Венгрия елдеріндегі ғұндарды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н.А. Машкин «Ертедегі Римнің трихы» деген кітабында, 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империчсының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.
Ғұндардың басты шаруашылығы мал өсіру, соның ішінде жылқы және қой бағу. Оларда сонымен қатар отырықшылық пен егін шаруашылығы да болған, қолөнері де дамыған. Тұрмыста қажетті бұйымдарды металдан, тастан, ағаштан, сүйектен, мүйізден, балшықтан джасаған. Керамика ісі өркендеген. Олар Қытай және т.б. елдермен сауда жүргізген. Ғұндар 24 руға бөлінген. Ел басында ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы тұрған. Жылына үш рет олардың жиналыс-кеңесі өткізілген.
Негізгі әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. Очерктер. 30-56-бб.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-том. Алматы, 1996. 2-бөлім, 1-3-тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 2-бөлім
4. Акишев К. Курган Иссык. М., 1978.
5. Бичурин Н.Я. Средняя Азия и Восточный Туркестан А., 1997.
6. Гумилев Л.Н. Хұндар. А., 1998.
Қосымша әдебиеттер
1. Өтениязов С. Аттила А., 2000.
2. Ирмуханов Б.Б. Древняя история Казахстана. А., 1997.
3. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы евраазиских степей. М. 2004

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?