Тарих | БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Тұрсын Жұртбай
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті жанындағы
«Отырар кітапханасы» ғылыми
орталығының директоры, филология
ғылымдарының докторы, профессор
БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН
ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған «Үш ірі елдің Қиыр Шығыс мәселесі туралы бітімі» бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың құрамына беріліп, Сыртқы Моңғолияның дербестігіне айырбасталды. Сөйтіп олар тектік, діндік, тілдік негіздері мүлдем қабыспайтын ұлттардың құрамына біріктірілді. Империялық «бөліп ал да билей бер» деген өктемдіктің кесірінен бүйрегі бүтін қазақ елі үшке бөлініп кетті. Қазақстан үшін сондай мүдделі әрі ділгір, күрделі құпия мәселе – әлімсақтан бергі ата қонысында отырған Шығыс Түркістандағы қазақтардың тарихи тағдыры.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесінің бірі болып табылатын, Империялық мүдделердің қақпақылына түскен Шығыс Түркістан Республикасының құрылуы мен таратылуы – ұлттық тұтастық пен ұлттық ыдыраудың тарихи, саяси, рухани және территориялық түйіткілдері тәуелсіздік алғанға дейін өз тарихынан өзі жеріген қазақ тарихнамасында мүлдем зерттелмеді. Қазақ тарихшылары үшін ол бимағлұм күйде қалып келген тақырыпқа айналды.
Милллиондаған адамның тағдырын тезге салған бұл оқиға туралы қарама-қарсы мүдделер мен пікірлерді зейін қойып зерделеу – тек қана қазақтың ғана емес, сонымен қатар орыс, қытай, монғол, қырғыз тарихшыларының міндеті боп саналмақ.
Өкінішке орай, бүгінгі территориясы тиянақталған тұста да бұл оқиғалар ғылыми зерделеуден өткен жоқ. Зерделеуді былай қойып, қазақ шығыстанушылары мен тарихшылары Шығыс Түркістан атауынан бас тартып, империялардың отарлық пиғылын танытатын Синьцзян – Жаңа жер (игерілген тың, яғни бізге түсінікті Целиноград) сияқты атауды «ғылыми негізді термин» ретінде таңдап алыпты. Тәңір тауды бөктерлей орналасқан тұтас жұртқа қойылған, саясатқа еш қатысы жоқ – Шығыс Түркістан, Орталық Түркістан, Батыс Түркістан, Солтүстік Түркістан деген жағырафиялық атаулар кезінде мұқым түркі елінің атын тарихтан өшіру мақсатында «пантүркизм» деген атты ойлап тапқан еуропашыл ғалымдардың өктемдігінен туған атау болатын. 1919 және 1922 жылғы түркі халықтарының астыртын құрылтайында қазіргі Қазақстан мен Башқұртстанды «Солтүстік Түркістан» деп ресми атап, картаға енгізіп, ортақ туды бекіткен болатын. Бүгінгі тәуелсіз мемлекет тұсында да біздің ғалымдарымыз өзінің пікірін Петербургтегі, Мәскеудегі, Қиыр шығыстағы ұстаздарының сызып берген сызығынан шыға алмай отыр.
Тарихи тәуелсіз ойлау жүйесі қалыптаспаған тарихшылар тарихи шындықты қалпына келтіре алмаса, ұлттық мемлекеттің тарихы мен ұлттық мүддесі, танымы мен тағдыры толық тұжырымдалмайды.
Ал біртұтас алаш идеясын кие тұтатын қазақтар үшін:
Шығыс Түркістан дегеніміз – көне түркінің «мәңгілік ел» идеясының аясында өмір сүрген түркі дүниесінің ата мекені.
Шығыс Түркістан дегеніміз – бөлшекке түскен қазақ жері.
Шығыс Түркістан дегеніміз – бөлінге түскен қазақ елі.
Осындай өксікті өкініштің өті жарылып, уыты таралмас үшін А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Марсеков, Қ.Сүлейменұлы бастап барып, 1918 жылы 24 сәуірде Шәуешек қаласында кіші құрылтай өткізген болатын. Ондағы басты мақсаты:
«Алашорда» үкіметінің Шығыстағы эмиграциялық бөлімін ашу;
босып барған ел мен жергілікті қазақтардың басын қосып, Алашорда мемлекетінің азаматтары ретінде Қытай үкіметіне ресми тіркету;
оларды жерге қолтықтаса орналастырып, дербес автономиялық басқару жүйесін құру болатын.
Алайда, мәнжу империясы күйресе де, империялық үстемдік пиғылы күйреген жоқ болатын. Сондықтан да олардың бұл талабы орындалмады. Үміті ақталмады. Бірақ та Алаш идеясы өзінің дәнін сеуіп, өнімін егіп кетті. Ұлттық газеттер мен мектептердің, мәдени ойын-сауық отауларының ашылуы – ұлттық сананы оятып, ақыр соңында ұлт-азаттық қозғалысына алып келді. Ұлт-азаттық күрес қаһармандары мен жауынгерлері осы біртұтас Алаш идеясы үшін қолына қару алды. Жауымен жағаласты, жараланды. Қаза тапты.
Демек, біз бүгін «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрбандарын қалай қасиеттесек, оларды да солай құрмет тұтуымыз керек. Кеше, қызыл жауынгерлер мен қарт коммунистерді ардагер деп қалай әспеттесек, оларды да солай қадірлеу – парызымыз.
Егер де қазақты біртұтас ел деп танысақ, егер де Алаш идеясын біртұтас қазақ идеясы деп мойындасақ және сол мойындауымыз шын болса, онда әлемнің қай түкпірінде болмасын қазақ елінің азаттығы үшін күрескен әр жауынгерді, әрбір құрбанды – қазақтың біртұтас ұлт-азаттық күресінің ардагерлері деп тануымыз керек. Оларға көрсетілген құрмет – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көрсетілген құрмет пен жеңілдіктерге теңгерілуі тиіс. Әйтпесе, Мұстафа Шоқайдан бастап бүгінгі салтанаттың иесі болып отырған Қалибек хакімге деген мезіретіміз, Абайдың сөзімен айтқанда, «сарт мезірет» болып табылады. Алаш идеясына деген адалдық пен сенім – бізден соны талап етеді. Ал қазақ үшін Алаш идеясынан, оның бес ұлы нысанынан артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ. Қайта тәуелсіздіктің тамыры тереңге кеткен сайын, алдымызға сұрақ болып шығып отыр. Ол идеялар мыналар:
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.
Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.
Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.
Бұл бес идея өзінің азаткерлік миссиясын әлі жойған жоқ. Жер үшін, жер мен аспан байлығы үшін, тәуелсіз экономика үшін, тіл мен діл үшін, дін үшін, қазақ ұлтының көзқарасы мен ар-ожданын қорғайтын, ұлтты сыйлауға мойынсындыратын тәуелсіз заң мен тәуелсіз ойлау жүйесін қалыптастыратын тәуелсіз ғылым үшін күрес жолы енді басталды. Демек, Алаш идеясы бүгін де, ертең де өзінің жалғасын табады. Ғаламдастыру дәуіріндегі рухани тәуелділіктен қорғайтын бірден-бір ұлттық бағдарлама осы болып табылады.
Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық күрес те осы бес мақсатты жүзеге асыруға ұмтылған халықтық қозғалыс. Қалибек хакім де осы бес мақсат үшін күресті. «Етегімен су ішті, етігімен су кешті». Азаттық аңсаған көштің атойшысы болды. «Аланай асып арпалысты, Бұланай асып буырқанды». Алаш идеясын бойтұмар қып тағып, ар-иманымен қоса жүрегіне ұялатқан арыстармен бірге қазақ халқының бостандығының рухы болып Еуразияны шарлап жүрді. Олардың бұл аңсары Дәлелхан Жаналтай, Халифа Алтай, Хасен Оралтай, Қамза Ұшар, Құсайын тәйжі сияқты қатарластары мен үрім-ұрпағы арқылы ауа толқындарымен туған еліне жетіп жатты. Солардың талып жеткен дауыстары біздің жүрегіміздегі алаш идеясының қоламтасын қоздатты. Үміт отын жақты. Бұл қолдауды, сіз бен біз сияқты желтоқсан оқиғасына дейін де, сол оқиға тұсында да, одан кейінгі кезеңде де жүргізген астыртын жұмыстарымыздың барысында сезініп отырдық. Әрине, бұл өзегі басқа әңгіменің арқауы.
Өкінішке орай, (иә, тағы да таусылмайтын өкініштің бірі) біртұтас алаш идеясы үшін күрескен, қазақ ұлтының біртұтас ұлт-азаттық қозғалысының бір бөлігі болып табылатын Шығыс Түркістандағы азаттық майданы туралы және оны «Алаш» партиясымен, «Алашорда» үкіметінің тағдырымен, жалпы қазақ күрескерлерінің тағдырымен байланыстыра зерттеген тұжырымды зерттеу жоқ. Ол туралы пікірлер де Қазақстаннан басқа әр мемлекеттің ұстанған саясатына байланысты қақпайланып жазылып келеді.Тек Тұрсынхан Қайыркенұлының «Ұмытылған мемлекет» («Синьцзиян (Шығыс Түркістан) қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы. (1940-1949)» атты монографиясы бұл бағыттағы діттеген ділгір еңбек, осы тақырыптың алғашқы кіріспесі сияқты қанаттанды зерттеу болып табылады.
Егерде біз өзіміздің ұлттық тұтастығымызды дүние қауымдастығы алдында дәлелдеп, мойындатқымыз келсе, онда бұл мәселе ерекше назарға ілінуі тиіс. Бұл мәселеге тұсауы енді ғана кесілген талантты да батыл, көзқарақты тарихшы Бүркіт Аяғанов басқарған Президенттік Мемлекет тарихы институты ерекше ықылас білдіреді деп сенеміз.
Бұл ретте Ғылым және Мәдениет министрліктері бас қоса отырып ауқымды Жоба жасаса – деген ұсыныс білдіреміз. Және бұл шара мемлекеттігіміздің идеялогиялық саясатын тұтастандырып, іргесін бекіте түсуге негіз қалауға септігін тигізеді деп толық сеніммен айта аламыз. Осы орайда мынадай ұйымдастыру шаралары назарда ұсталғаны ләзім сияқты:
бірінші, «Біртұтас алаш идесы» деген терминді қалыптастырып, «Біртұтас ұлт-азаттық қозғалысы және Шығыс Түркістан» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырып, оған тек қана қазақ ғалымдарын ғана емес, осы тақырыпты қузаған қытайдың, орыстың, американың, немістің, түріктің, ағылшынның, француздың, монғолдың, тай-бэйдің ұлттық ғалымдары мен Шығыс Түркістанның тағдырын шешкен әскери-дипломатиялық келісімдерге қатысқан мекемелердің өкілдерін қатыстыра отырып, келелі кеңес өткізіп, істің бағыт-бағдарын ашып алса, дұрыс болар еді;
екінші, осынау тағдырлы ұлт-азаттық қозғалысы туралы шығарылған дастандардың, қоштасулар мен жоқтаулардың, аңсарлы хаттардың, күнделіктердің, жолжазбалардың, естеліктердің, зерттеулердің, деректі құжаттардың басын қосып, көп томдық етіп жарияласа, руханиятымызға қосылған үлкен үлес болар еді. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің тарихи беттерін түгендейтін құнды да, тағдырлы басылымға айналары сөзсіз. Мұндай қолжазба мұралар мен мұрағаттық деректердің біразы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында бар. Ал олардың ұзын санының өзі жүзден асып жығылады екен. Әлі қолға түспегені қаншама;
үшінші, Шығыс Түркістандағы, Моңғолиядағы ұлт-азаттық қозғалысының құрбандарына бұл елдерде ескерткіш қойылмайтыны анық. Сондықтан да осы азаткерлердің тағдырына тікелей қатысты және олардың алғашқы әскерлері жасақталған (бұл құпия емес) шекаралық аудандарға (Жаркентте, Достықта, Мақаншыда, Майқапшағайда) ескерткіш орнатса орынды болар еді. Соның ішінде, Алаш әскерінің ең соңғы шешуші шайқасы өткен, Отыншы Әлжанов сияқты ту ұстаушы азаматты тірідей өртеген Мақаншыдағы «қызыл партизан Мамонтов» атындағы саябақ өте қолайлы жер болар еді деп ойлаймын.
Бұл да біздің біртұтас Алаш идеясына, біртұтас ұлт-азаттық көтерілісінің құрбандарына, тәуелсіздігіміздің тарихына деген ұлттық тағзым болары сөзсіз.
Астана қаласы әкімдігі мен Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының Біртұтатас Алаш идеясын қанымызға құйып, жанымызға сіңіру орайында арнайы семинар өткізіп, пікір бөлісуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығымды білдіремін.
Ниет қабыл болсын.
Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды ...мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды.
Халел Досмұхамедұлы

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?