Биология | Ара өсіру және оның биологиясы

 Биология | Ара өсіру және оның биологиясы

Аналық, еркек, жұмысшы аралар. Үлкен жанұя болып, аралар тіршілік етеді; бір жанұя ішінде мыңдаған жұмысшы аралар мен бір аналық арадан бар. Жұмысшы ара мен аналық ара – ұрғашылары, ал еркектері – трутни деп аталады. Еркек аралар көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз уақыт тіршілік етіп, күздің аяғында өліп қалады. Еркек аралар жас аналықтарды ұрықтандыру үшін туады.

Омарта (пасека) тұрғындары бір жанұя болып тіршілік етеді де, омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады. Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі және оны орындайды.

Аналық ара, жұмысшы араға қарағанда екі есе ұзын (25 мм), тірідеі салмағы 260 мг, құрсағы ұзын. Қанаты денесінің жартысын жауып тұрады. Жұмысшы араның қанаты құрсағын толық жауып тұрады, еркек араның қанаты құрсағынан ұзын болады.

Ұрғашы ара күн сайын ұяшығына 1-2 мың ұрықтандырылған жұмыртқа салады. Ұрғашы ара кейде ұрықтандырылмаған да жұмыртқа салады, одан тек еркек аралар ғана шығады. Ұрықтанған жұмырқадан ұрғашы аралар, жұмысшы және аналық аралар шығады. Аналық ара жұмысшы, еркек араның, барлық ара жанұясының анасы болып есептелінеді.

Аналық ара еркек арамен омартада емес, ауада ұшып жүріп, шағылысады, сосын 2-3 күннен кейін жұмыртқа сала бастайды. Күтімі жақсы аналық тәулігіне 1500-2000 жұмырқа салады. Ұрғашы аралар 5-6 жыл тіршілік етеді, екі жылда оларды ауыстырып отыру керек, өйткені, тұқым тарту қабілеті азая бастайды.

Еркек араның денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы – 200 мг, аналық араны ұрықтандырғаннан кейін өледі, шығатын піспегі болмайды, тіпті өзін-өзі қорғайда алмайды, қозғалыс-қимылдары шамалы және жұмысшы аралар дайындайтын балмен күн көреді. Еркек ара жұмыртқадан өсіп, жетілуі үшін 24 күн қажет, 12-14 күннен кейін жыныс бездері жетіліп, ұрғашы араларды ұрықтандыруға кіріседі.

Жұмысшы ара омартаның негізін қалайды. Қыстан шыққан жанұядағы жұмысшы араның саны 15 мыңдай болады (80-100 мың бал берген кезде). Жұмысшы араның денесінің ұзындығы 12-15 мм, салмағы 90 мг болады. Әдетте олар екі топқа бөлінеді: ұшпайтындары омартаның ішіндегі жұмыстарды орындайды (14-20 күндік), ал ұшатындары – сақа аралар – күніне бірнеше рет ұшып шығып, гүл тозаңдарын, тәтті шырындарды жинап, бүкіл жанұяны азықпен қамтамасыз етеді.


Ара тұқымдары. Ара тұқымдары, ТМД елдерінің (бұрынғы Кеңес Одағының) кең-байтақ табиғатына сай, түрлері де алуан-түрлі болады. Әр тұқымы бір-бірінен сыртқы түрімен, мінез-құлқымен, шаруашылыққа пайдалы белгілерімен ажыратылады. Әсіресе кең тараған тұқымдардың бірі – орман арасы – Украина мен авказ арасын мекендейді. Орманда мекендейтін бұл араның түсі қара, балы аппақ болады. Украина арасы далалы және қара топырақты аймақтарды мекендейді, түсі ақшылдау, ұзын тұмсығы гүл тозаңдарын жинауға ыңғайлы, балы аппақ болады. Оларға жақындағанда түтін немесе арнайы масқа қажет болады. Кавказ арасының түсі сары немесе сұр, тұмсығы ұзын, адамды шақпайды.

Араның тіршілігі гүлдермен тығыз байланысты болады, олардың негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен тозаңды жинайды. Аралардың өсімдікке тигізер пайдасы орасан зор: олар ұшып-қонып жүргенде гүлдерді айқас тозаңдандырады да, өсімдіктің өнімділігін арттырады

Ара шаруашылығынан алынатын өнімдер. Араның беретін негізгі өнімі –бал – әрі дәмді, диеталық тағам, әрі емшілік қасиеттері мол, құрамында глюза мен витаминдер, микро- және макроэлементтер, организмге пайдалы тағы басқа, барлығы жүзден асатын, құнды ингридиенттер бар. Сонымен қатар араның уы (пчелинный яд), аналық сүтше (маточное молочко), балауыз (воск), ара желімі (прополис, пчелинный клей) сияқты өнімдерді береді.

Мөлдір бал жоғары сапасы жоғары болып есептелінеді. Қазақстан бойынша 300 мыңнан аса жанұялары бар, әрбіржанұя орта есеппен жылына 40-50 кг бал жинайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?