Қазақ әдебиеті | Михаил Терентьевич Харин

Қазақ әдебиеті | Михаил Терентьевич Харин

Михаил Терентьевич Харин (1923 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданы Снегирево селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, барлаушы, топ командирі. Соғыстың бас кезінде әкесі майданға аттанды. 1944 жылы әскерге алынды. 1944 жылдың 4 желтоқсанында Дунай өзенінен Эрни (Венгрия) қаласы маңына өту кезіндегі ұрыста ол айрықша көзге түсті. Xарин бастаған бір топ жауынгер өзеннен өткен соң жау траншеясына жетіп, қоян-қолтық ұрыс жасап жаудың 6 пулемет ұясын және миномет батареясын, көптеген жау әскерлерін жойды. Xарин өзі 14 жау әскерін жойып, 8-ін тұтқындады. Плацдармды ешқандай шығынсыз басып алды. Бірақ гитлершілер қайта бас көтеріп, 4 рет қарсы шабуылға шықты. Гвардияшылар оларға тойтарыс беріп отырды. Xарин жолдасымен бір ыңғайлы позицияда жау траншеясына баса-көктеп кіріп, тағы 11 гитлершіні жойды. Күші тең емес ұрысты бір сағаттан артық жүргізді. Нақ осы сәтте плацдармды сақтап қалу үшін көмек келді. Ол езінің 2 барлаушысымен бірге Будапешттің орта шеніне жетіп, өтіп бара жатқан жеңіл машинаны қиратты. Оның ішінде неміс генералы болып шықты. Барлаушылар оны тұтқындап, бөлімге жеткізді. Көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін Харинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.3.1945). Соғыстан кейін кіші лейтенанттар училищесін (1954), 1961 жылы М.Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірді. X. Молдова Республикасының Тирасполь қаласында тұрады


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?