Қазақ әдебиеті | Сергей Михайлович Шахворостов
Сергей Михайлович Шахворостов (29.8.1924, Алматы қаласы - 2001, сонда) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сапер, гвардия кіші сержанты. Орыс. Мектептің 7-сыныбын бітірген соң жұмыс істеп жүріп оқуын ФЗО (фабрика-зауыт оқуы) қабырғасында жалғастырды. 1942 жылдың қыркүйегінде Кеңес әскері қатарына шақырылды. Шахворостов Дала майданы 37-армия 89-гвардиялық атқыштар дивизиясы 273-гвардиялық атқыштар полкінде шайқастарға қатысты. Сталинград шайқасында Шахворостов қойған минаға немістің 3 танкісі жарылып, істен шықты. Осы ерлігі үшін ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Шахворостов Днепр өзенінен өту кезінде көзге түсті. Саперлік взводқа Украинаның Полтава облысы Кременчуг ауданы Келебарда селосы маңында Днепр өзенінен өту тапсырылды. Құрамында Шахворостов бар взвод 1943 жылдың 30 қыркүйегінде жаудьың қарша бораған оғына қарамастан, Днепр өзенінен 8 рет өтіп, оң жағалауға 50 жауынгер мен 30 жәшік оқ-дәрі жеткізді. Осы ерлігі үшін Шахворостовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.2.1944). Сондай-ақ ол Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталды. 1943 жылдың желтоқсанында ол ауыр жараланып, еліне оралды. 1945 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмамдады. «Еңбек резерві» спорт қоғамында жұмыс істед
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?