Қазақ әдебиеті | Чойбалсан, Хорлогийн
Чойбалсан, Хорлогийн(8.2.1895, Дорнод аймағы - 26.2.1952, Мәскеу қаласы, Улан-Баторда жерленген) - Моңғолияның саяси қайраткері, маршал, 2 мәрте МХР Батыры. 1912 жылы Моңғолияның сол кездегі астанасы Урга қаласындағы (қазіргі Улан-Батор) аудармашылар мектебіне түсіп, орыс тілін меңгереді. Үздік оқығаны үшін 1914 жылы Иркутск қаласына оқуға жіберіліп, онда 1917 жылға дейін болды. Ресейдегі революциялық оқиғалардан кейін отанына оралған Чойбалсан моңғол жастарының жасырын ұйымын құрды. 1919 жылы күзде революционер әрі екінші бір ұйым бастығы Дамдины Сухэбатормен танысты. 1920 жылы екі ұйым бірігіп, Моңғол халық партиясын құрды. Чойбалсан Сухэбатор екеуі кеңес өкіметі және Қызыл армияның тікелей көмегімен 1921 жылы 11 шілдеде Моңғол халық революциялық төңкерісін жүзеге асырды. 1923 жылы 22 ақпанда Сухэбатор белгісіз жағдайда дүние салып, Коминтерннің және кеңес өкіметінің белсене араласуымен 1924 жылы Чойбалсан билікке келді. Осы жылы құрылған алғашқы парламент - Бага хуралды басқарған ол 1924-28 жылы Моңғол халық революциялық армиясының қолбасшысы, 1928-30 жылы Моңғол Халық Республикасы (МХР) Кіші хуралы төралқасының төрағасы болды, 1930-35 жылы түрлі министрліктерді басқарды. 1935— 39 жылы МХР премьер-министрінің бірінші орынбасары, 1940-52 жылы премьер-министр болды. Чойбалсан Коминтерннің және И.Сталиннің тікелей көмегімен 1926— 28 жылы солшыл оппортунистерге, 1928-32 жылы революцияшыл оңшылдарға қарсы қуғын-сүргін жүргізді. Нәтижесінде 1922— 49 жылы 71 мың адам саяси куғын-сүргін құрбаны болды. Саяси қуғын-сүргіннен Моңғолиядағы қазақтар да жапа шегіп, әрбір жетінші қазақ қудалауға ұшырады. Чойбалсан үкіметті басқарған жылдары оның жеке басына табынушылық басталды. Дегенмен Чойбалсан Моңғолия үшін зор еңбек атқарды. Ол елді қиын-қыстау кезеңде басқарып, ел экономикасын, мәдениетін, білімін көтерді. 1940 жылы Моңғолияда жеке қазақ аймағын (Баян Өлгий аймағы) кұрды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Кеңес Одағына көмектесу науқанын басқарды. 1939 жылы жапон соғысқұмарларын талқандаған кеңес және моңғол әскерлерінің бірлескен операциясында Моңғол Халық революциялық армиясының Бас қолбасшысы болды. Чойбалсанның атына қала есімі берілген. Ол Моңғолияның, Кеңес Одағының көптеген орден-медальдарымен марапатталған
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?