Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанаты туралы деректер. Қазақстан және көршілес аймақтардың ортағасырлық этникалық тарихы түркілер тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркітектес, түркітілдес тайпалардың көне заманда да болғанын ескереміз. Бірақ нағыз түркілердің этникалық тарихы V ғасырдан басталады. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда: «Одан арғы дәуірлердегі тайпаларға қалай түркі тектес, түркітілдес деген сипат береміз?» деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұны былай түсіну керек. V— VIII ғасырлардың арасы — түркі тайпаларының пайда болып, қалыптасу дәуірі. Ал Алтай тіл тобына жататын түркі тілінің пайда болуы түркі атын алған кейінгі тайпалардан кемінде 1 мың жыл бұрын болған. Көне түркі тайпалары — Орталық Азиядағы, одан тыс жатқан кейінгі түркітілдес халықтардың ататегі. Ежелгі түркі халықтары қоныстанған жерлер бүгінде Қытай Халық Республикасының аумағына қарайды. Ұлы Қытай қорғанының солтүстігіндегі далалық аумақты көк түріктер мекендеген делінеді. Қазір де осы өңірде көк түріктерден қалған жұрнақ ұйғыр, қазақ, қырғыз сияқты халықтар тұрады.
Оның үстіне, ежелгі түркілердің тарихы — қазақ тарихының да бастау көздерінің бірі саналады. Себебі түріктер құрған Түрік қағанатының батыс бөлігі қазіргі Қазақстан аумағын құрайды. Қазақстан тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI—XIII ғғ.) немесе қазақ мемлекеттілігінің түркілік кезеңі деп аталады. Ендеше Қазақстан тарихының сол айтулы түрік дәуірі қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің, материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасып дамуында ерекше басым орын алады. Бұл тайпалар тек қазақ халқының ғана емес, қазіргі бүкіл түрік халықтарының тілінің, әдет-ғұрып, салт-саналарының, дүниетанымының қалыптасуына әсер етті.
Б.з. I—X гасырлар аралығы Орталық Азияның түркі, моңғол, манчжур тайпалары өз ішінен бір-бірімен соғысып, жеке-дара ел болып, мемлекет орнату жолындағы күрес заманы еді. Осы оқиға қытайдың әулеттік шежірелерінде де, мұсылман әлемінің саяхатшылары мен тарихи түпнұсқаларында да кеңінен орын алып, тарихи оқиғалар жазба дерекке түсті.
.
Түркі өркениетінің тамыры терең тарихын зерттеуде қолда бар оның төлтума жазба көне тас ескерткіштері, сонымен қатар М.Қашғари сөздігі, мұсылман авторлары деректері бар. Әсіресе мазмұны мен көлемі жағынан қытай деректерінің орны ерекше. Қытайдың «Көне Тақ кітабы», «Жаңа Тақ кітабы» сияқты тарихи деректер мен Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштеріндегі мәтіндер қазақ мемлекеттілігінің көнетүркілік кезеңін тануға көмектеседі. Бұл тақырыпты зерттеген Дания университетінің профессоры В.Томсон, орыс ғалымдары Н.Я. Ядринцев, В.Радлов, В.П. Васильев, т.б. көне түркілер тарихын зерттеудің дәстүрін қалыптастырды. Кейіннен бұл дәстүрді А.Г. Малявкин, С.Е. Малов, С. Кляшторныйлар жалғастырды. Қытай ғалымдарының да түркітану аясындағы жүргізген еңбектерінен құнды деректер алуға болады. Олардың көне түркі халықтарының тарихы туралы зерттеулерінің ғылыми маңызы зор.
Әлемдік түркітанушылар мен қытайтанушылардың назарына іліккен деректерді атасақ, олар: Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы», Ибн Хордадбектің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы», Ибн-Халдунның еңбектері, Ата-Малик Жувейнидің «Әлем жаулаушысының тарихы». Қытайдың Юаньши (Моңғол империясының тарихы), М.Қашғаридың «Дивани лұғат ат-түрік», Ю.Баласағұнның «Құтадғу білік», Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі», «Оғузнаме» сияқты тарихи деректер де мол мәлімет береді.
Қытайда әр дәуірде жазылған «Жиырма төрт тарих» деп аталатын ресми жылнамалардағы көне түріктерге қатысты тарихи деректер сұрыпталып, көне қытай тілінен қазіргі қазақ тіліне аударылды,1 оған ғылыми түсініктемелер жасалған. Бұл түркі тарихына тікелей қатысты қайталанбас түпдеректер қатарына жатады. Қытай иероглифтерінің көмескі сырларын ашуда түркітанушы қытайтанушығалымдармен қатар салыстыра отырып зерттеу тарихшыларға да зор міндет жүктейді.
Көне түріктердің шығуы. Түріктер жөніндегі ең алғашқы дерек Қытайда Батыс Вэй әулетінің заманында ресми жылнамаға енген. Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылдары аталады. Өздерін «түрік» деп атаған бірлестік түркі тектілердің жазба әдеби тілінің пайда болуына себепкер болды.Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсон қытайша «тукю» деп аталған халық «түріктер» екендігін дәлелдеді.
Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түрік деген сөз түркітілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түрік деген атау саяси мәнге ие болып, олардың қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. Дегенмен Түрік қағанаты құлағаннан кейінгі түрік ұлыстарын түріктер дегеннен гөрі түркі тілді, түркі нәсілді халықтар деп атау үрдісі қалыптасты.
VIII ғасырдың ортасынан бастап түрік деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түрік деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғызоғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады. Түрік атауы X ғасырда қайта тарихи аренаға шығады. Қашқардағы, Баласағұндағы хандар (қағандар) өздеріне тағы да түрік деген этникалық атау тақады. Бұл атау сол замандағы араб географтарының да еңбектерінде кездеседі. Кейіннен ортағасырлың түрік атауы Кіші Азия жеріне барып қоныстанып қалған оғыз тайпасының бір бөлігінің ұлттық мемлекеттік атауына айналды. Ол — Түркия, Түрік мемлекеті. Осы оқулықта және басқа ғылыми әдебиетте де кездесетін түрік және түркі деген екі атаудың мән-мағынасы бір. Бұрынғы түркі тайпалары мен қазіргі түрік халқының аражігін ажырату үшін ғылымда көне түріктерді шартты түрде «түркі» деп атау қалыптасқан. Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі — теле. Олар қазіргі Моңғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен батыста Тянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген. Түріктер өзінің шығу тегін ашына тайпасымен байланыстырады.
Осы кезеңнен бастап ежелгі түркі тайпалары мекендеген аймақта көшпелі мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы басталды. Түрік қағанаттарында мемлекеттілік одан әрі жетіле түсті. Билік қағанның қолында болды. Түркілік қағандар мемлекеттің басты белгісі болды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді.
Қағандар басқа мемлекеттерге шабуыл жасай отырып, билік құрды. Соғыс арқылы шекараларын кеңейтіп отырды. Бірақ даму барысында мемлекетті билеп отырған тайпадан күштірек тайпалар шығып, соғыс ісін негізгі кәсібіне айналдырған мемлекеттер бірін-бірі ауыстырып отырды.
Түрік қағанатының құрылуы (552—603). Соңғы деректер мен зерттеулер бойынша, б.з. I—X ғасыр аралығында Орталық Азия мен Моңғол үстіртінде саяси үстемдік жүргізген түркітекті теле тайпалар одағы болғаны белгілі болып отыр. Сонымен қатар Алтай, Тарбағатайды мекендеген қарлұқтар мен Шығыс Түркістандағы басмылдар да Орталың Азияны билеуге ұмтылды. Ғұндар империясы ыдыраған соң, Орхон аймағында түркі текті теле тайпалар одағы ұйымдасты. V ғасыр ортасында Ашына бастаған Алтайдағы түркілер осы телелердің 40 мың үйлік бірлестіктерін бағындырып, солардың күшімен өздерінің ата жаулары жужандарды (аварлардың бабаларын) жеңіп, тарих сахнасына көтерілді.
Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.
Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618—630), Жеғуй қаған (610—618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды.
Батыс түрік қағанаты (603—704). Сонымен580 жылға дейін Түрік қағанаты дамуының шарықтау шегіне жетті. 581 жылы Қытайда Суй әулеті билікке келіп, жаңа басқыншылық соғыстар мүмкін болмай қалды. Өзгерген саяси жағдайда, 20 жылға созылған түрік билеушілерінің арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде 582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия), Батыс (Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі) болып екіге бөлінді.
Батыс Түрік қағанаты ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды. Батыс қағанаттың орталығы Шу аңғарындағы Суяб (Жетісу) қаласы болды. Аумағы: Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жер, Алтай,Сібір, Әмудария, Еділ, Жайық өзенінің төменгі ағысы аралықтарын қамтыған. Құрамына Шығыс Түркістан, Самарқанд, Кеш, Бұқара сияқты отырықшы-егінші аймақтар да енді. Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы, негізінен, көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал Батыс Түрік қағанатының көпшілік халқы отырықшы, егін егумен, қолөнер, саудамен айналысты. Сондықтан әлеуметтік құрылымы күрделі, Шығыс Түрік қағанатымен салыстырғанда қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамығандығымен ерекшеленеді. Мысалы, Батыс Түрік қағанатында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған. Түрік қағанатында қағаннан кейін екінші адам ұлық болды. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдері қолында болды. Олар: Шад, одан кейінгілеріне Тегін, Елтебер деген лауазымдар берілді. Бұл лауазымдар мұрагерлікпен беріліп отырды.
Сондай-ақ мұнда Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениеті жақсы дамыды. Қазіргі Моңғолия жерінде көк түріктердің 220 қаласының орны бар көрінеді. Араб географтары кимектердің белгілі 16 қаласы, қарлұқтардың 25 қаласы бар деп жазды.
Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бұдын» — «он оқ елі» аталды.
Батыс Түрік қағанаты өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталың Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.
Алайда «он оқ бұдын» елінің оң қанаты (5 нушиби) мен сол қанаты (5 дулу) арасындағы 16 жылға созылған билік үшін күрес қағандықтың іргесін шайқалтты. Бұған 657 жылы Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай экспансиясы қосылды. Тақ әулетіне қарсы соғыс бірнеше жылға созылды. 657 жылы түрік әскерлері Ертіс бойында жеңіліп, қағанның өзі Шаш өлкесіне бой тасалады. Қарамағындағы ұлыстар ыдырап кетті. Осы кезден бастап өз дамуында күшейіп алған Тақ әулеті Шығыс және Батыс Түрік қағанаты жерлерін толығымен өз ықпалында ұстап тұруға ұмтылды. Империяның қол астындағы халықтарды ұстап тұру үшін түрік ақсүйектерін өз жағына тартып, сенімді өкіл ретінде басқақ, тұтық лауазымдарын үлестірді. Тақ империясы тарапынан тұрғызылған балбал тастарда түрлі лауазымы бар түрік тайпаларының көсемдерінің есімдері қашап жазылған.
Тақ империясы қағанаттың жерін екіге бөліп, оны «қуыршақ» қағандар арқылы басқарды. Тақ империясының басқаруы ширек ғасырдан астам уақытқа созылды.
Екінші Түрік қағанаты кезеңі және оның атақты билеушілері (683—745). Бірақ Батыс Түрік қағанаты құлағанымен, Шығыс түріктері Қытай билігін мойындамай тәуелсіздік үшін күрестерін жалғастыра берді. 679—689 жылдары Шығыс түріктері Қытаймен күресте өздерінің тәуелсіздігіне қол жеткізді. Шығыс түріктері қағаны Елтеріс—Құтлық қаған, көмекшісі, кеңесшісі Тоныкөк кезінде Екінші Түрік қағанатын қайта құрды. Екінші Түрік қағанатын құрушыларды «түркі-қыпшақ» деп атады. Сол кездегі ескерткіштегі жазуда «түркі-қыпшақ елу жыл биледі» дейді. Екінші Шығыс Түрік қағанаты және оның негізін салған Тоныкөк жайындағы деректі Тақ әулеті шежіресінен, Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіштегі тас жазудан оқуға болады. Онда 646 жылы дүниеге келген, шыққан тегі теле бірлестігіне қарайды делінеді. Тоныкөк жас кезінде Қытайда оқыған көрінеді, ол Шығыс Түрік қағанатының үш бірдей ханына уәзір болды.
Күлтегін (686—731) — Екінші Түрік қағанатын құрушы Елтеріс-Құтлық қағанның ұлы. Екінші Түрік қағанатын құруға атсалысқан қолбасшылардың бірі. Ол 16 жасында, демек, 702 жылы Тақ империясының 50 мың қолын талқандап, әскербасын тұтқынға алады. 706 ж. ағасы Білге қағанмен түріктердің қолын бастап, Хуанхэден өтіп, астана аймағына қауіп төндіреді. Жазудың көркемдік нақышына қарап, оның өз заманының атақты шебер хатшысы болғандығын көруге болады. Көк түріктер тарихы Қытайдың Тақ династиялары тарихымен саяси, мәдени тығыз байланысты. Түрік қағандарының рөліне, тұлғалық қасиеттеріне баға бергенде, олардың Түрік мемлекетін сақтап қалу жолында Қытай басқыншылығына қарсы күресі мен мәмілегерлік дарыны жоғары бағаланады.
Ежелгі түркі билеушілері бұрынғы Батыс Түрік қағанатының жерлерін қайта біріктіру үшін күресті. Мемлекеттің орталығы — Ханғай таулары. Батыс шекарасы Алтай тауларымен шектесті. 691 жылы белді қолбасшы Елтеріс өлгеннен кейін Қапаған қаған кезінде әскери-саяси құдіреті күшейіп, кемеліне жетеді. Солтүстік Қытай, Қидандар, Енисей қырғыздарын бағындыру (709—710), түркештерді жеңу Қапағанды Орталық Азияның қожасы етті. Алдында қидан елін, Енисей қырғыздарын басып алғаннан кейін Шығыс Түрік қағанаты, 711 жылғы Инел қаған мен оның бас қолбасшысы Тоныкөктің тұсында түркештерді өзіне қаратты. Бұдан соң, 716 жылы Білге қағанның тұсында түріктер қытай әскерлеріне үлкен соққы берді. Қапағаннан кейін ел билеген Білге, Күлтегін (686—731) сияқты ағайынды қағандар Қытаймен соғыста тағы да жеңіске жетіп, шекаралық сауда жақсы дамыды. 731 жылы Күлтегін қайтыс болды, 734 жылы Білге де у беріліп өлтіріледі. Білге қаған Күлтегіннің қайтыс болғанын ести салысымен, оған арнап ескерткіш құрылысын салуға Тақ императорынан көмек сұрады. Бұдан Күлтегін мен Білге қағандардың Түрік мемлекетін сақтап қалу үшін Тақ империясымен жақсы қарым-қатынаста болғандығын атқаруға болады. Тақ патшасы да Білге қағанды жерлеу рәсіміне ткөмектеседі.
Көк түріктер құрған Екінші түрік қағанатын 744—745 жылдары Орхон ұйғырлары мен қарлұқтар (тоғыз оғыз конфедерациясы) талқандады.
.
Қазіргі Моңғолиядағы Орхон өзені бойында ағайынды билеушілерге тас белгі қойылып, оған қағанаттың тарихы қашап жазылды. Күлтегін мен Білге қаған мәңгі тасындағы жазбаларды Иоллығ тегін жазды.
Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштеріндегі жазбалар Екінші түрік қағанатының құрылу мен өрлеу кезеңіндегі қағанаттың Тақ империясымен болған қарым-қатынасынан хабардар етеді.
Әлем ғалымдарының 2,5 ғасыр жүргізген зерттеулері байырғы түрік кешендерінің қабір еместігін дәлелдеді. Байырғы түрік кешендерін моңғолдар Ұлылар орны деп атайды екен. Ол барлық түрік халықтары үшін киелі, аруақты орын деген мағына береді. Соңғы зерттеулер байырғы түркі кешендерінің тек қана тілдік тарихи мұра ғана емес, сонымен қатар дүниетанымдық және сәулет өнері ескерткіштері екендігін дәлелдеді.
Біріккен Түрік (Ұйғыр) қағанаты (745—840). Орталық Азия, Моңғол үстіртін мекендеп, саяси үстемдік жүргізген түркі текті екі үлкен тайпалық конфедерация болғаны белгілі. 1. Өздерін «түрік» деп атаған түркі тайпалары. 2. Тоғыз-оғұздар бірлестіктері. Ерте ортағасырда Орталық Азиядағы түркі текті оғұз тайпалары «тоғыз» санын қасиетті деп кие тұтқан. Сондықтан әрбір тайпалық одақ атауларына қосып атайтын дәстүр болған. Сондықтан бұл жерде тоғыз-оғұз этникалық атау емес, саяси атау болып табылады.
.
Қағанат екіге бөлінгенде телелер Шығыс түріктеріне қарады. Алғашқы Шығыс Түрік қағанаты ыдыраған соқ телелер одағын қыпшақтардың байырғы бабалары Сеянто биледі.
Бұл Сеянто ұлысы аса қуатты ел болып, Қытайға қауіп төндірді. Қыпшақтар аталық әулет (ашына) билеуші тайпаға айналды да, тоғыз-оғыздар аналық (ашидэ) әулет атанды. Қытай деректерінде: «Оғыздардың (қыт. Ойху) ата-бабалары Ғұндар Ордасының қызынан тарайды», — деген аңыз қалған. Ал қыпшақтар — байырғы түрік мәтіндерінде көрсетілгендей «Тәңір текті», «тәңірден жаратылған» ұрпақ, әулет. Бұл екі әулет арасында, бір жағынан, билік үшін күрес жүріп тұрды.
Біріккен Түрік қаганаты — тарихымызда айтылмай келе жатқан маңызды мәселелердің бірі. Екінші Түрік қағанатынан кейін өмірге келген, біршама ғалымдар «Ұйғыр қағанаты» деп атап жүрген мемлекеттік құрылым, шындығында, Түрік қағанатының жалғасы болатын. Тоғыз түркітілдес тайпаның бірігуінен құрылған тоғыз-оғыз конфедерациясын түркітанушы-ғалымдар Біріккен Түрік қағанаты (745—840) деп атауды ұсынды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?