Афоризмдер

Афоризмдер

Афоризмдер
1. Қабырға ылғалдан тозады, адам сағыныштан күйрейді. Сұлтан Сүлеймен
2. Шаршау тәннен емес, мидан басталады. Адам ойлағанынан да ғаламат істерге қауқарлы.
3. Егер әйел еркексіз өмір сүре аламын десе, қателескені. Бірақ әйелім менсіз өмір сүре алмайды деп ойлайтын азаматтың ойы тіптен қате.
4. Жаман және жақсы адамдар болмайды. Тек қашықтықты дұрыс таңдауды естен шығармау керек.
5. Бөтен адамды жоғалтып алам деп қорқып өмір сүргенше, өмір бойы өзіңдікін іздеген абзал.
6. Өз тәжірибеңнің бір грамы өзгенің мың тоннасынан қымбат.
7. Тәжірибе деген зор байлық. Бірақ соған бүкіл жастық шағыңды сарп ететінің ғана жаман...
8. Уақыт емдемейді. Әр қиындық сайын ыстық құшағын жаятын адам ғана емдейді.
9. Жанында бес жыл жүріп тани алмаған адамды, бес минут ұрыс кезінде анық көресің.
10. Сізге сенген адамды ешқашан тастамаңыз.
11. Өткенге қызғанышпен қарамаңыз. Жақсылардан кетпейді. Жамандарға оралмайды.
12. Ешкімге керексіз шедевр болғанша, біреудің сүйікті тентегі болған артық.
13. Оның жанында жүрек өзгені іздемейтін жартыңызды табу – ең үлкен бақыт!
14. Қашықтық кеңістіктен гөрі уақыттың еншісінде. Соммерсет Моэм.
15. Барыңды сыпырып беріп, қолдағыңнан тұтас айырылғанда ғана шын азаттықты сезесің.
16. Адамға шынайы қуаныш сыйлайтын нәрсе – саяхат. Мақсат емес.
17. Өмірде бар - жоғы үш қана ереже бар — парадокс, юмор және өзгеріс. Парадокс. Өмір деген құпия. Өмірді танимын деп уақытты зая жоғалтпа. Әзіл. Әзілді түсіне білу керек. Әсіресе, өзіңе күле білу аса маңызды. Бұл деген жігердің қайнар бұлағы. Өзгеріс. Ештеңе де мәңгілік емес. Ескеріп жүр.
18. Өлім соншалықты қайғылы емес. Өмір қайғысы деген кей адамдардың мүлде өмір сүрмеуі.
19. Артық деген өлшем болмайды. Сен өзгеден асып кетпейсің. Ешкімнен кем болып қалмайсың. Ешқашан.
20. Әдет деген өзгеше бір түйткіл. Адамға ең керегі ойланып таңдау мен қолмен жасағанын мойнымен көтеру.
21. Білім деген даналық емес. Даналық деген білімді кәдеге жарату.
22. Барлық жамандық атаулының жауы ақша емес, қорқыныш.
23. Жақсы көру мүмкін емес адамдар шынайы махаббатқа аса зәру.
24. Адам тану – саналының ісі. Өзін тану – парасаттылық. Өзгені жеңген – күшті. Өзін жеңе білген – ұлы. Лао - цзы
25. "Бір көрген адамның бәріне шын ниетіңмен жақсылық тілеуге дағдылан". Антоний Сурожский
26. Жақсы аяқта бір күні сүрінер, тәкәппар адамның да арқасы бүгілер, қарасақал ағарар, бұйра бас таз болар, әдемі әлпетті де әжім басар, тұнық жанар да тұманытар, тек ақ жүрек қана ай мен күн сияқты, айдан гөрі күн секілді жарқырап тұрады, өйткені ол күн іспетті өзінің ақ жолынан еш таймайды. Уильям Шекспир
27. "Әйел... тіпті қарадан шықса да хан қызына бергісіз болуға, ал тектінің қызы қарабайыр күңге айналуы ғажап емес... бәрі де сүйген азаматының оған деген қарым - қатынасына тәуелді!" Анна Герман
28. Жұрттың бәріне жәй көзбен қарасам, саған тек жүрек көзіммен қараймын. Сүйген жүрек.
29. Байлар екі түрлі болады. Бірі бай әйелге үйленіп байыса, екіншілері байлықтың арқасында әйел алады.
 30. Армандар орындалу үшін жаныңда ертекші емес, сыйқыршы болуы керек.
Афоризм кітабынан...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу