Әлемді өзгерткен жаңалықтар. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.


 

 

 

 

 

 Сабақ басында 5-сыныпта өткен материалдарды қайталау мақсатында бірнеше суреттер беріледі, олармен танысқаннан кейін бағыттаушы сұрақтар қойыңыз. Оқушылар жұпта ақылдаса отырып, тапсырманы орындау барысында өз білімдерін көрсетеді. Осыдан барып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарыңыз.

  Алдыңғы тапсырмада берілген суреттердің қималарын тақырыпшаларға ( Жер және ғарыш; Заттар мен материалдар; Энергия және қозғалыс; Адам және табиғат) жіктеуді ұсыныңыз. Жіктеу барысында қиындықтар туындаған жағдайда, бағыттаушы сұрақтар арқылы көмектесіңіз.

 Презентацияны, бейнебаяндарды қолдана отырып, мұғалім әлемді өзгерткен бірнеше жаңалықтарға тоқтап, түсіндіріңіз. Сыныпқа алғашқы ғарыш серігін ұшыру туралы бейнебаянды көруді ұсыныңыз. Бейнебаянды көріп болғаннан кейін сұрақтарға жауап берулеріне мүмкіндік беріңіз:

 Бұл оқиға әлемді өзгертті деп есептеуге бола ма?

 Ғарышты бағындыру туралы тағы қандай оқиғаларды білесіңдер?

 Оқушыларға осы оқиғаларды стикерлерге жазып, «Жер және ғарыш» атты бөлімге бекітулерін ұсыныңыз. Бейнебаян немесе суреттер арқылы осындай жұмысты басқа бағыттар бойынша жүргізіңіз.

 Сабақты бекіту мақсатында кестедегі тақырыпшаларға берілген терминдер мен сөз тіркестерін жіктеуді ұсыныңыз. Үйге тапсырма ретінде сабақ бойына меңгерген материалдарын қорытындылап, ойларын жинақтау үшін 200 сөзден тұратын «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» тақырыбы бойынша эссе жазуды ұсыныңыз.

 Сабақ соңында бастапқы оқу мақсатына, бағалау критерийіне қайтадан оралып, оқу мақсатын меңгергендіктері туралы әңгімелесіңіз. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен дескрипторды талдап алған жөн. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойына өткізіледі.

Тиімді сілтеме:

 Мұғалімдерге арналған сайт

 http://chkolarik.my1.ru/publ/so_shkoljarikom_v_naukograd/64

 

 идеялар генераторы

 https://www.googlesciencefair.com/springboard/ru/

 

 алғашқы жасанды жер серігінің ұшырылуы

 https://www.youtube.com/watch?v=04T6dVCLulE&list=PLf0uBCPjNBTx3hCbvVYMGOiulbVm-OkLw

 

 Алғашқы ғарышкер https://www.youtube.com/watch?v=M31VEnEEYzE

 

 Адамның ашық ғарышқа алғаш шығуы

 https://www.youtube.com/watch?v=0K4trYuPcow

 

 Ай туралы жоба https://www.youtube.com/watch?v=LzK_uFrS5ug

 

 «Галилео» ауа жастығындағы кеме

 https://www.youtube.com/watch?v=MzoxfsLVSpY

 

 «Галилео» паровоздан жоғары жылдамдықты поездарға дейін

 https://www.youtube.com/watch?v=2Q05RkYKamo

 

 Электр тоғы пин коды бейнебаяны

 https://www.youtube.com/watch?v=9u-zEcA5Z0s

 

 Байланыс құралдарының дамуы

 https://www.youtube.com/watch?v=PJbR52sCmwQ

 

 Егудің пин коды

 https://www.youtube.com/watch?v=ERSgjffIHKU

 

 инсулин, ол неге керек

 https://www.youtube.com/watch?v=__BZWj5xId8

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу