Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация. 1 - сабақ.
Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі
Оқу мақсаты:
6.7.1.2. Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарынының дамуына қосқан үлестерін талқылауТарау 6.4D: Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Қадыржанов Қайрат Камалұлы - ол қатты денелі радиациялық физика, материалдардың беткі қабаттарының элементтік және фазалық-құрылымдық талдауы, қабатты қатты құрылымдардың термодинамикасы саласындағы танымал сарапшы
Омаров Төкен Бегалыұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ғылым Академиясының академигі.
Ғалым -астроном, түрлі масштабтағы ғарыштық құрылымдардың (екілік жұлдыздар, жұлдыздық кластерлер, галактикалар) динамикалық эволюциясы туралы зерттеуі жақын және алыс шет елдердің мамандары арасында кеңінен танымал болды
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып енгізді, фосфаттардың сульфаттармен және силикаттармен сополимеризациясы бойынша зерттеулер жүргізген, Қаратау фосфоритінен минералды тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі.
Бектұров Әбікен Бектұрұлы
(1901-1985) – техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері
Абдулғазиз Ибрайұлы Жандеркин - ғалым, биология ғылымының кандидаты. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал шаруашылығын, оның ішінде қой және ешкі өсіруге арналған. Жандеркин Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жолында зор еңбек сіңірді. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1950). «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Қазақ архармериносы қалай қалыптасты «Колхоздық өнім» (1951), Разведение шерстеных коз (1950), Жануарлардың анатомиясы және физиологиясы (бірігіп шығарған, 1954) атты еңбектері кеңінен тараған
Ақпаратты зерттеп, кестені толтыр:
Топ-сынып форматы
1-топ: Нобель сыйлығына ие болған жаңалықтар
2-топ: Қазақстандық химик ғалымдар - Бектуров А.Б., Букетов Е.А.
3-топ: Қазақстандық физик ғалымдар - Кадыржанов К.К., Тулеушов А.Ж., Омаров Т.Б.
4-топ: Қазақстандық биолог ғалымдар - Жандеркин А.И, Айтхожин М.А.
Рефлексия
Үй жұмысы
Тапсырма (қосымша №4)
Кестеде берілген ғалымның аты-жөні мен оның ашқан жаңалығын сәйкестендір
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?