Әлемді өзгерткен жаңалықтар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 - сабақ.


Бөлім 6.4D: Әлемді өзгерткен жаңалықтар

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Әлемді өзгерткен жаңалықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 6.7.1.1. Әлемді өзгерткен жаңалықтардың мысалдарын талқылау

Сабақ мақсаттары

- әлемді өзгерткен жаңалықтарды анықтау және талқылау

- ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру

Бағалау критерийлері:

- ғылыми жаңалықтар қолданылған аймақтарды анықтайды

- қолдану аймақтарына мысал келтіреді

- әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарды талқылай алады

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- ауызша және жазбаша түрде келесі салалардағы ғылыми жаңалықтарды сипаттай алады:

Жер және ғарыш

Заттар мен материалдар

Энергия және қозғалыс

Адам және табиғат

Пәндік лексика және терминология:

Алғашқы жасанды жер серігі, композициялық материалдар, динамит, пластмасса, тефлон, электр станциясы, екпе жасау, имплантациялау, транспланттау.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Мен … ойлаймын.

Жасанды материалдарды алу ….. үшін қажет.

Алғашқы жасанды жер серігін ұшыру … болды.

Заманауи әлемде екпе жасау қажет, себебі …

Мен …. тақырыбында зерттеу жүргіздім.

Менің зерттеуімнің ақпарат көзі ретінде ... қолдандым.

Ең тиімді тәсіл …

Берілген үлгі .. көрсетеді.

(Қорытынды ретінде … / Мен келесі … қолдану мысалдарын ұсынамын)

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыстар

Ашылған жаңалықтарды зерттеу барысында физика, биология, медицина, химия пәндерімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім

 

5 сынып «Ғылымға кіріспе» пәнінен оқушылар әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарды атай алады және мысалдар келтіре алады, ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін идеяларды ұсына алады.

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

1-6 мин

1. 5 сыныпта өткен материалдарды еске түсіре отырып, «Пирамида» стратегиясын қолданып, оқушыларға әлемді өзгерткен жаңалықтардың тізімін құруды ұсыныңыз.

Жеке-жұп-сынып форматында жұмыс жасалады. Тақтадағы плакатқа әр жұптың ұсынуы бойынша әлемді өзгерткен жаңалықтардың тізімін құрыңыз.

 Дескрипторлар Оқушылар

- әлемді өзгерткен жаңалықтардың тізімі құрастырылады

2.Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарады.

Слайд №1-2

 

 

Сабақтың ортасы

7-20 мин

21-37 мин

3. Жұп- топ-сынып форматы

Мәтінмен жұмыс. Кестені толтыру барысында жаңалықтың қай бағытқа жататынын ажыратып көрсетулеріне көңіл бөліңіз:

  • Жер және ғарыш
  • Заттар мен материалдар
  • Энергия және қозғалыс
  • Адам және табиғат

Үш топқа төмендегі мәтіндерді зерттеп, кестені толтыруды ұсыныңыз.

1-топ Әр түрлі тақырыптар...

2-топ Жасуша және микроскоп

3-топ Microsoft компаниясының негізін қалаушысы – Билл Гейтс.

Ашылған жаңалықтың аталуы

Жаңалықтың бағыты

Маңызы

Кестені толтыру барысында сыныптық талдау орын алады.

Топ аралық бағалау

 Дескрипторлар Оқушылар

- жаңалықтардың бағытын анықтайды

- жаңалықтардың маңызын ажырата алады

4. (Т) Оқушылар постер немесе плакат дайындайды, онда әлемді өзгерткен жаңалықтарды көрсетеді.

(С) Соңында сыныптың алдында постерлер қорғалады. Оқушылар өздерінің шешімдерін түсіндіреді, бір бірін толықтырады. Олар жаңалықтардың қолданылу мысалдарын көрсетеді:

тұрмыста

өнеркәсіпте

медицинада

ғылымда

Дескрипторға сай өзара бағалау

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- әлемді өзгерткен жаңалықтарды анықтайды

-әлемді өзгерткен жаңалықтардың тұрмыстағы (немесе өнеркәсіптегі, медицинадағы, ғылымдағы) маңызын көрсетеді

Бағалау: дескрипторды қолдана отырып, берілген жауаптарға кері байланыс беріледі

Қосымша №1. Мәтін

Алғашқы ғарышкер https://www.youtube.com/watch?v=M31VEnEEYzE

Электр тоғы пин коды бейнебаяны

https://www.youtube.com/watch?v=9u-zEcA5Z0s

Егудің пин коды

https://www.youtube.com/watch?v=ERSgjffIHKU

инсулин, ол неге керек

https://www.youtube.com/watch?v=__BZWj5xId8

Слайдтар 3-7

Сабақтың соңы:

38-40

5. Кері байланыс «Тазалық»

6. «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» тақырыбы аясында ақпарат дайында

Дескриптор:

  • 200 сөзден құралады
  • Эстетикалық талғамға сай
  • Жаңалықтың ашылуы, маңызы көрсетіледі
  • Қолданылған сілтемелер тізімі беріледі

Слайд 7-8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар орындай алады:

  • ғылыми жаңалықтар қолданылған аймақтарды анықтау;
  • қолдану аймақтарына мысал келтіру.

Көбірек оқушылар:

қажетті қорытында жасайды.

Сабақтың әрбір кезеңінде ЖАД анықтау үшін оқушылардың үйренгенін бағалау үшін қолданатын сұрақтар берілді. Келесі кезеңде тәжірибе жұмысын орындау барысында оқушылардың зерттеушілік дағдыларының деңгейі бағаланады. Сабақтың соңында рефлексия жүргізіледі.

Қауіпсіздік техникасы ережелері және денсаулықты сақтау бойынша ақпарат беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу