Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6. Экология және тұрақты даму

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері_2-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау

 Сабақ мақсаттары

    • өз аймағының экологиялық мәселелерін анықтау;
    • өз аймағының экологиялық мәселелерінің пайда болу себептерін талдау;
    • өз аймағының экологиялық мәселелерді алдын алу жолдарын ұсыну.

 Бағалау критерийлері

  • өз аймағының экологиялық мәселелерін атайды;
  • аталған экологиялық мәселелердің себептерін анықтайды;
  • өз аймағының экологиялық мәселелерінің шешу жолдарын талдайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

өз аймағының экологиялық мәселелерінің себептерін тұжырымдау және жазбаша талдау жасау

Пәнге тән лексика мен терминология:

Экологиялық мәселелер, ғаламдық жылыну, орманның кесілуі, жердің шөлге айналуы, тұрмыс қалдықтары, атмосфераның ластануы, ауыз судың сапасы, тірі ағзалардың санының азаюы. (биоалуан түрлілік)

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Менің ойымша, экологиялық мәселенің себебі ….

Бұл экологиялық мәселе мені ерекше толғандырады, себебі…

Менің ойымша, менің аймағымның экологиялық мәселесі… болып табылады. Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім…

Бұл мәселенің нәтижесінде… болады деп ойлаймын.

Сонымен, менің аймағымның экологиялық мәселесі:…

 Құндылықтарды дарыту

 

Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді.

Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді.

Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады.

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады.

 Пәнаралық байланыстар

Тірі ағзаларға тән сипаттамаларды өлшеу математика пәнімен байланысты арттырады.

Үрмебұршақ тұқымдарын өсірудегі су құрамын анықтау химия пәнімен байланыстырады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта экологиялық мәселелерді анықтап, аймақтың экологиялық мәселелерін зерттеді. Оқушылар экологиялық мәселелерді ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар төмендегі экологиялық мәселелерді кезекпен атап, топқа бөлінеді.

  • Су көздерінің ластануы
  • Ауаның ластануы
  • Ауызсу тапшылығы
  • Тұрмыс қалдықтарының жиналып қалуы
  • Жабайы ағзалардың жойылу қаупі

2. Ой шақыру.

Әр топ экологиялық мәселелердің себептерін ұсынады.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10 - 25

25-35

4. Топтық жұмыс.

Топқа бөлінуге ұсынылған өз аймақтарының мәселелерінің бірін таңдап, «бұл мәселе неге біздің аймақта пайда болды?» сұрағына жауап беру үшін постер жасайды.

Дескрипторлар

Оқушы

Экологиялық мәселеленің себебін анықтайды;

Экологиялық мәселеленің салдарын сипаттайды;

Экологиялық мәселеленің алдын алу жолдары ұсынады.

 5. Cабақты бекіту. Әр топ жасаған жұмыстарымен «Галереяға саяхат» барысында бөліседі, «екі жұлдыз бір тілек» айта отырып кері байланыс береді.

Қосымша 2

Сабақтың соңы:

35-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Кубизм»

Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім…

Бұл мәселенің нәтижесінде…

Менің аймағымның экологиялық мәселесі:…

Экологиялық мәселенің басты себебі ….

Мені ерекше толғандырады, себебі…

Менің ойымша, эеологиялық мәселелер…

«Мені ерекше толғандырады...» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады

Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады.

Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады.

Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды.

Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады

Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы

Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы;

Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы;

Дескрипторлар арқылы.

Зертханалық жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Қосымша № 1

Экологиялық өзекті мәселелері

  • Су көздерінің ластануы
  • Ауаның ластануы
  • Ауызсу тапшылығы
  • Тұрмыс қалдықтарының жиналып қалуы
  • Жабайы ағзалардың жойылу қаупі

Қосымша № 2

Постер әзірлеуге арналған дескриптор

Дескрипторлар

Оқушы

Экологиялық мәселеленің себебін анықтайды;

Экологиялық мәселеленің салдарын сипаттайды;

Экологиялық мәселеленің алдын алу жолдары ұсынады.

Қосымша №3

Кері байланыс «Кубизм»

Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім…

Бұл мәселенің нәтижесінде…

Менің аймағымның экологиялық мәселесі:…

Экологиялық мәселенің басты себебі ….

Мені ерекше толғандырады, себебі…

Менің ойымша, экологиялық мәселелер…



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу