Экологиялық мәселелерді шешу жолдары. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың бастапқы кезеңінде экологиялық мәселелерді шешу жоспарын құрастыру үшін, бір экологиялық мәселе жазылған пазлды жинау арқылы топтарға бірігеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдайды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Сабақтың орта кезеңінде оқушылар мәселеге қатысты құрылымдық сұрақтар топтамасын анықтауары қажет. Экологиялық мәселе себебін көрсетеді. Экологиялық мәселені шешудің жолдарын ұсынады. Тиісті ақпарат көздерін пайдаланып, экологиялық мәселелердің алдын алу жолдарын анықтайды Топтық жұмыс барысында әр топқа белгілі бір мәселеге қатысты құрылымдық сұрақтар топтамасын ұсынуға болады. Оқушылар әр топтың жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.
Сабақ соңында оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы – «нені білдім? нені үйрендім? нені толық түсінбедім? және немен жұмысты жалғастыру қажет?» сұрақтары бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Өз қалаулары бойынша пікірлерімен бөлісе алады.
Пайдалы сілтемелер:
https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?