Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 - сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6. Экология және тұрақты даму | Мектеп: | |||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері_2-сабақ | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау | |||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: өз аймағының экологиялық мәселелерінің себептерін тұжырымдау және жазбаша талдау жасау Пәнге тән лексика мен терминология: Экологиялық мәселелер, ғаламдық жылыну, орманның кесілуі, жердің шөлге айналуы, тұрмыс қалдықтары, атмосфераның ластануы, ауыз судың сапасы, тірі ағзалардың санының азаюы. (биоалуан түрлілік) Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Менің ойымша, экологиялық мәселенің себебі …. Бұл экологиялық мәселе мені ерекше толғандырады, себебі… Менің ойымша, менің аймағымның экологиялық мәселесі… болып табылады. Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім… Бұл мәселенің нәтижесінде… болады деп ойлаймын. Сонымен, менің аймағымның экологиялық мәселесі:… | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді. Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді. Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Тірі ағзаларға тән сипаттамаларды өлшеу математика пәнімен байланысты арттырады. Үрмебұршақ тұқымдарын өсірудегі су құрамын анықтау химия пәнімен байланыстырады. | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта экологиялық мәселелерді анықтап, аймақтың экологиялық мәселелерін зерттеді. Оқушылар экологиялық мәселелерді ажырата біледі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар төмендегі экологиялық мәселелерді кезекпен атап, топқа бөлінеді.
2. Ой шақыру. Әр топ экологиялық мәселелердің себептерін ұсынады. 3. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | Қосымша 1 | ||||||
Сабақтың ортасы 10 - 25 25-35 | 4. Топтық жұмыс. «Алты қалпақ» Әр топта алты оқушы. Әр топқа жергілікті жердегі экологиялық мәселелер суреті беріледі. Топта ақылдаса отырып, алты қалпақ әдісі бойынша мәселені талдайды. Ақ қалпақ. Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қызыл қалпақ.Мәселеге байланысты менде қандай сезімдер туындайды? Сары қалпақ. Мәселенің пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады? Қара қалпақ. Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? Жасыл қалпақ. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды Көк қалпақ. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?
| Қосымша 2 | ||||||
Сабақтың соңы: 35-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Білім кебежесі». Бүгінгі сабақ бойынша жаңа ақпаратты стикерге жазып, білім кебежесіне сал. | Қосымша 3 | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады. Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады. Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды. Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады | Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы; Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы; Дескрипторлар арқылы. | Зертханалық жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. |
Қосымша № 1
Экологиялық өзекті мәселелері
Қосымша № 2
| Ақ қалпақ Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады. Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек? |
| Қызыл қалпақ Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды? |
| Сары қалпақ Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады? |
| Қара қалпақ Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? |
| Жасыл қалпақ Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды |
| Көк қалпақ Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?
|
Қосымша №3
Кері байланыс «Білім кебежесі»
Бүгінгі сабақ бойынша жаңа ақпаратты стикерге жазып, білім кебежесіне сал.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?