Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6. Экология және тұрақты даму | Мектеп: | |||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі ерекшеліктерін ауызша сипаттау. Өсімдіктер мен жануарларды сыртқы ерекшеліктері негізіне жазбаша топтастыру. Жазбалар жасау және қорытынды. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі айырмашылықтарының себебін түсіндіру. Сыртқы белгілерінің ерекшеліктері негізінде тірі ағзаларды жазбаша топтастыру. Пәнге тән лексика мен терминология: Дүние, протисттер, өсімдіктер, жануарлар, балдырлар мүктер, қырықжапырақтар, ашықтұқымдылар, жабықтұқымдылар, омыртқасыздар, омыртқалылар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректі жануарлар Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:
...терісі ылғалды әрі жалаңаш. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді. Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді. Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тірі ағзаларға тән сипаттамаларды анықтау АRT пәнімен байланысты арттырады. | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеумен танысты. Оқушылар ағзалардың көзге көрінетін ерекшелік белгілерін ажырата біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар тірі ағзалардың суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ өсімдіктер мен жануарлардың атаулары жазылған таратпаларды (карточкаларды) ағзалардың суреттері мен сипаттамаларын сәйкестендіреді. 5- сыныптағы 5.6.2.1 ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеу оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. 2. Ой шақыру. Оқушылар сыртқы белгілерінің ерекшеліктері негізінде тірі ағзаларды жазбаша топтастырады.
3. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | Қосымша 1 | ||||||||
Сабақтың ортасы 10 -15 15 - 28 28-38 | 4. Мұғалімнің түсіндірмесі. Белгісіз ағзаны анықтаудың алгоритмін, өсімдіктер бөлімдерінің, омыртқасыз және омыртқалы жануарлар және олардың кластарының негізгі белгілерін түсіндіреді. 5. Топтық жұмыс. 1 және 3 топ. Конвертте берілген белгісіз өсімдік не жануарды анықтаудың алгоритмін құрайды. Өз алгоритмін түсіндіреді. Алгоритм бойынша ақпараттарымен алмасады және ортақ қорытынды шығарады. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар кластарының көзге көрінетін негізгі белгілерін анықтайды. 2 және 4 топ. Өсімдіктердің кеппешөптерін/ фотосуреттерін пайдалана отырып, сыртқы ерекшеліктерін анықтайды және өздері анықтаған ерекшеліктерді қосымша ақпаратта берілген сипаттамалармен сәйкестендіреді. (балдырлар, мүктер, қырықжапырақтар, ашық және жабық тұқымды өсімдіктер). Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс береді.
6. Cабақты бекіту. Оқушылар екі топқа топтасып, бір топ ішкі шеңберді құрайды, екінші топ сыртқы шеңберді құрайды. Екі шеңбердегі оқушылар бір бірлеріне қарама қарсы тұрады. Бір оқушы өз қолындағы ағзаның фотосуретін көрсетеді, ал екінші оқушы ол ағзаның тобын атайды және үш дәлел келтіреді. Ішкі шеңбер сағат тілі бағытымен, ал сыртқы шеңбер сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады. Жаңа жұп келесі ағзаны талдайды. Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.
| Қосымша 2 Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 3 | ||||||||
Сабақтың соңы: 38-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Кубизм»
«Маған түсініксіз болды..., Маған қиындық туғызды...» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі. | Қосымша 4 | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады. Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады. Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды. Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады | Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы; Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы; Дескрипторлар арқылы. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. |
Қосымша №1
Өсімдіктер | Жануарлар | Саңырауқұлақтар | Бактериялар | Протисталар |
Қосымша 2
Өсімдіктерді анықтау алгоритмі
Тамыр | |
Сабақ | |
Жапырақ | |
Гүл | |
Жеміс |
Қосымша 2
Жануарларды анықтау алгоритмі
Дене бөліктері | |
Дене жамылғысы | |
Сезім мүшелері | |
Қозғалыс мүшелері | |
Көбеюі |
Қосымша 4
Кері байланыс «Кубизм»
- Мен үшін жаңалық...
- Маған түсініксіз болды...
- Маған қиындық туғызды...
- Ағзаларды анықтаудың маңызы...
- Ағзаларды анықтау үшін...
- Ағзаларды анықтауда...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?