Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

 Мектеп үлескісі шағын экожүйені құрайды. Мектеп үлескісін жасанды ( адам жасалған) экожүйе ретінде қарастыруға болады. Осындай экожүйе табиғи экожүйеден құрылымы мен ағзалардың түрлік құрамы жағынан ерекшеленеді. Мектеп үлескісінің түрлік құрамы неғұрлым алуан түрлі болса, осы экожүйе соғұрлым тұрақты болады. Мектеп үлескісіндегі әрбір өсімдікті санау мүмкін емес. Сондықтан бақылау үшін үлгі алу керек. Оны шаршы (квадрат) әдісі арқылы жасауға болады. Шаршы бұл – үлескі бетіне тікелей қоятын жиектеме. Бұл әдіс таңдап алған өсімдік түрін санау және түрлік құрамды анықтау үшін қолданылады. Зерттелетін екі үлескіде де кездесетін өсімдік түрлерін таңда. Олардың әрқайсысының таралу аймақтарын анықта.

Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

 Мектеп үлескесінде жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс барысында орын ауыстыруда ұқыптылыққа назар аудару. Оқушылардың зерттеу құралдырын сабақ барысында кедергі келтірмейтіндей қауіпсіз орналастырып қоюына назар аудару.

 Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

 Оқушылар бөлінген үлескелердің ерекшеліктеріне назар аудару керек. Үлескелердегі ағзалардың таралу ерекшеліктерін түсіндіру қажет. Мысалы, Көлеңкедегі, күн көзіндегі, ашық алаңдағы абиотикалық факторлардың тірі ағзалардың таралуына әсерін атап өту керек.

 Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

 Оқушылардың тиісті пәндік терминологияны қолдана білулері тексеріледі. Мектеп маңындағы тірі ағзалардың таралу ерекшеліктерін анықтап, себептерін көрестуіне кері байланыстар беріледі.

 Сабақтың басталуынан бастап соңындағы рефлексия жүргізуге дейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақтың басындағы талқылау кезінде үлескелердегі абиотикалық және биотикалық факторлардың ерекшеліктеріне назар аудартылып, кері байланыс беріледі. Мысалы, оқушы термин сөзін қолданса, осы термин орынды қолданылды, мына терминді атағаныңыз жақсы болды деген сияқты. Оқушылардың шаршымен жұмыс жасаған кезінде әр оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың дұрыс бағытта жұмыс жасауына көмек көрсетіледі.

 Зерттеу жұмысын рәсімдеу кезде оқушыларға ұсынылған дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.

 Саралау тапсырмалары

Қосмышада деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.

 Сілтемелер мен ресурстар

 http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_ocr_gateway/green_world/ecologyrev1.shtml

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу