Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6. Экология және тұрақты даму

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі_1-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

  • экожүйелердің ерекшеліктерін сипаттау;
  • мектеп маңы экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу;
  • экожүйелердегі ағза түрлерінің сандық мөлшері және кездесу жиілігінің әртүрлі болу себептерін түсіндіру.

 Бағалау критерийлері

  • әр түрлі экожүйелердің ерекшеліктерін анықтайды;
  • белгіленген экожүйедегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттейді;
  • экожүйелердегі ағза түрлерінің сандық мөлшері және кездесу жиілігінің әртүрлі болу себептерін талдайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Экожүйелердің ерекшеліктерін ауызша/ жазбаша түсіндіре, алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Түзушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар, биотикалық факторлар, абиотикалық факторлар, антропогендік факторлар

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

  • Көлеңке жерде өсімдіктер ... болады ..., өйткені … .
  • Күн сәулесі көп түсетін жер ... ерекшеленеді, өйткені ... .

Жол жиегі экожүйесіне ... тән.

 Құндылықтарды дарыту

 

Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді.

Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді.

Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады.

Экожүйелердің ерекшеліктерін анықтау барысында табиғаттағы тепе-теңдік, биосфера, экожүйедегі, экономикадағы тұрақтылық сияқты маңызды түсіктер арқылы жаһандық азаматтық дамытылады.

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады.

 Пәнаралық байланыстар

Экожүйелердің абиотикалық факторлары ерекшеліктерін анықтау физика пәнімен байланысты қамтамасыз етеді.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта экожүйеге экологиялық факторлардың ықпалы үдерістермен танысты. Оқушылар экологиялық факторларды атай алады, ажырата біледі. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында экологиялық факторлардың ерекшеліктерін сипаттау арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар саябақ, орман, аквариум, өзен суреттері бойынша топқа бірігеді. Суретті пайдаланып әр экожүйедегі ерекшеліктердің себебін анықтайды, 5- сыныптағы оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.

Оқушылар экожүйелердің ұқсастықтарын талқылайды.

Дескрипторлар

 Оқушы

Әр экожүйенің ұқсастықтарын сипаттайды.

Әр экожүйенің айырмашылықтарын анықтайды.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

5-10

10 - 15

15- 30

4. Мәтін «Экожүйелер дегеніміз не?»

Экожүйе – біртұтас қызмет атқаратын табиғаттың бөлігі. Ол екі компоненттен: белгілі бір аумақта құрлық немесе суда тіршілік ететін барлық тірі ағзалар – биоценоздан және экожүйенің абиотикалық ортасын құрайды.

Жасанды экожүйелер – адамның қатысуымен құрылған жағдайларда өмір сүретін ағзалар жиынтығы. Жасанды экожүйелер білгілі-бір мақсатта құрылады және адамның қатысында құрылатын жағдайлар – жазық, шабындық, саябақ, бау-бақша, және т.б. түрінде болуы мүмкін.

Экожүйе құрамына ағзалар да, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады.

5. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Көзге айқын көрінбесе де, экожүйелер үнемі өзгеріс үстінде болады. Қоршаған ортаның шарттары өзгерген сайын, экожүйедегі ағзалардың популяциялары да жылдан-жылға өзгеріп отырады.

6. Топтық жұмыс.

Оқушылар экожүйелердің ерекшеліктерін анықтайды.

1- топ: саябақ

2- топ: орман

3- топ: аквариум

4- топ: өзен

Жұмыс нәтижесі арқылы экожүйелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

саябақ

орман

аквариум

өзен

Ұқсастықтары

ерекшеліктері

Дескрипторлар

Оқушы

Экожүйелердің абиотикалық факторларын сипаттайды;

экожүйелердің биотикалық факторларын анықтайды.

Экожүйелердегі ағзалардың байланысын көрсетеді.

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы:

38-40

7. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Кері байланыс «Нысана».

Оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.

Қосымша 5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады

Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады.

Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады.

Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды.

Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады

Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы

Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы;

Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы;

Дескрипторлар арқылы.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Қосымша № 1

Қосымша 2

Мәтін «Экожүйелер дегеніміз не?»

 Экожүйе – біртұтас қызмет атқаратын табиғаттың бөлігі. Ол екі компоненттен: белгілі бір аумақта құрлық немесе суда тіршілік ететін барлық тірі ағзалар – биоценоздан және экожүйенің абиотикалық ортасын құрайды.

 Жасанды экожүйелер – адамның қатысуымен құрылған жағдайларда өмір сүретін ағзалар жиынтығы. Жасанды экожүйелер білгілі-бір мақсатта құрылады және адамның қатысында құрылатын жағдайлар – жазық, шабындық, саябақ, бау-бақша, және т.б. түрінде болуы мүмкін.

 Экожүйе құрамына ағзалар да, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады

Қосымша 3

Экожүйелер өзгере ме?

Көзге айқын көрінбесе де, экожүйелер үнемі өзгеріс үстінде болады. Қоршаған ортаның шарттары өзгерген сайын, экожүйедегі ағзалардың популяциялары да жылдан-жылға өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер көбінесе салыстармалы түрде өте кішкентай және бұл өзгерісті бастапқы қалпына қайтаруға болады, алайда, кейде экожүйелер оның қызметін анықтайтын биотикалық және абиотикалық факторлардағы маңызды өзгерістерге жауап ретінде күрт өзгеруі мүмкін. Мысалы, ауру әсерінен , мекен ортасының бұзылуынан немесе жыртқыштық кесірінен бір түрдің жойылуы тек осы ағзаның өзіне ғана емес, оған тәуелді барлық түрлерге әсерін тигізеді. Егер бұл түр қоректік тізбектің төменгі сатысындағы өсімдік болса, онда өзіне тәуелді қоректік тізбектің жоғарғы сатысындағы барлық түрлерге өз әсерін тигізуі мүмкін.

Саябақ

Орман

Аквариум

Өзен

Ұқсастықтары

Ерекшеліктері

Қосымша 5

Кері байланыс «Нысана»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу