Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация. 2 - сабақ.
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУЭкожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы_2-сабақ
6.6.1.1 экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын графикалық түрде көрсету және түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын анықтау;
экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын көрсететін графикті сипаттау.
Бағалау критерийлері:
экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы сызбасын құрады;
сызбаны пайдаланып, ағзалар арасындағы байланысты сипаттайды;
экожүйедегі ағзалар арасындағы байланыстың ағзалар санына әсерін талдайды.
Пәндік лексика және терминология:
Айтылымға қажетті сөз тіркестері:
Берілген үлескеде экожүйенің ... компоненттері анықталды.
Бұл экожүйенің компоненттеріне әсер ететін факторлар….
Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде бейнеле
Экожүйедегі қарым қатынас
Қоректік тізбек экожүйедегі қоректену қарым-қатынасын сипаттайды. Трофикалық деңгей қоректену деңгейін көрсетеді. Продуценттер бірінші трофикалық деңгейден, шөпқоректілер екінші трофикалық деңгейден, ал етқоректілер үшінші деңгейден орын алады, және солай жалғаса береді. Шынайы экожүйелердегі қоректік тізбектер бір-бірінен оқшауланбайды, керісінше бір-бірімен тығыз байланыста болады. Оларды қоректік желілер деп атайды, және олар экожүйедегі ағзалардың өзара байланысын көрсетеді. Қаршығалар торғайлармен қатар, басқа да кішкентай құстармен және сүтқоректілермен қоректенеді, ал олар өз кезегінде әртүрлі қорек көзімен қоректенеді, бірақ кейбір қорек көздері үшін олар басқа ағзалармен бәсекеге түседі.
Топтық жұмыс. «Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы»
1- топ. Дайын график бойынша сипаттайды.
2- топ. Суреттегі ақпараттарды пайдаланып, график құрастырады.
3- топ. Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып график құрады.
4- топ. Берілген графикті толықтырады.
Графикте берілген қоректік тізбек құрамбөліктерінің өзара байланысын
Жыртқыштардың санының артуы өсімдік қоректілердің санының кемуіне әкеледі.
Өсімдікқоректілердің санының артуы, өсімдіктердің санының кемуіне әкеледі.
Рефлексия «Мен үшін...»
мен үшін жаңалық...
маған түсініксіз...
алдағы сабақта...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?