Экожүйелердің ауысу себептері. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.


6.6.1.2 экожүйелердің ауысу себептерін түсіндіру

6.4A: Экология және тұрақты даму

Макро- және микроәлем

Экожүйелердің абиотикалық және биотикалық факторларын ата

Сабақтың мақсаты:

Экожүйенің ауысуына әкелетін факторларды анықтау;

Экожүйенің өзгеруінің нәтижесін талдау;

Экожүйе компонентттері мен факторлар арасындағы сәйкестікті орнату.

Бағалау критерийлері:

Мысалдарды талдау арқылы әсер етуші факторларды анықтайды;

Экожүйенің өзгеруінің нәтижесіндегі өзгерістерді сипаттайды;

Экожүйенің ауысу түрлері мен себептерін анықтайды.

Пәндік лексика және терминология:

абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлар

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Абиотикалық факторлар: ..., …, ... және т.б.

.., …, ... биотикалық факторлар болып табылады, ал ..., …, ... абиотикалық факторлар.

Антропогендік факторлар ..., …, ... және т.б.

Суреттегі экожүйенің өзгеруінің себептерін ата

Экожүйелердің ауысуы

Белгілі бір орта аумағындағы экожүйелердің ауысуы табиғи үдеріс. Ол жүйелі, бағытталған және болжамды үдеріс болып табылады. Экожүйелердің ауысуы барысында бір түр екінші түрді алмастырады. Осылайша біртіндеп биоценоздың алуан түрлілігі артады. Биоценоздағы түр саны көп болған сайын, ол тұрақты бола түседі. Егер қоршаған орта жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болса, мұндай жағдайда өзгерістер баяу жүреді. Бұл жерде қалыпты жылдамдық геологиялық уақытпен өлшенеді. Қазіргі кезде адамзаттың белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде экожүйелердің ауысу қарқыны ұлғайды.

Мәнмәтін

Ұзақ жылдар аралығында ауыл жайылымы өз қорын тауысқан, экожүйе толығымен бұзылған. Жергілікті шаруалар бұл мәселенің шешімін ұзақ іздеді. Экожүйені қалпына келтіру жолын жергілікті мектеп оқушысы ұсынды. Ол жайылымға пішен шашып қоюды ұсынды. Бұл ұсыныс тиімді болды және үш-төрт жылда бұл жайылым өзінің алғашқы табиғи қалпына жақындады. Себебі пішенде дала экожүйесіндегі өсімдіктер жиынтығының тұқымыдары болады.

1-топ. «Түсіндіру» Сендердің ойларыңша бұл әдіс өз аймақтарыңда қаншалықты тиімді?

2-топ. «Қорытындылау» Жаңа ақпараттағы негізгі ойларды атаңдар.

3-топ. «Бағалау» берілген экожүйені қалпына келтірудің қажеттілігін бағалаңдар.

4-топ. «Болжау»: Қалай ойлайсыңдар, 10, 20, 30 жылдан кейін бұл жайылымда не болуы мүмкін?

Экожүйенің ауысу себептері

Рефлексия

«Мен ...түсіндім»;

«Мен ...түсінбедім»;

«Мен... толықтырамын».



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу