Экожүйелердің ауысу себептері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6. Экология және тұрақты даму | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Экожүйелердің ауысу себептері | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.6.1.2 экожүйелердің ауысу себептерін түсіндіру | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мысалдарды талдау арқылы әсер етуші факторларды анықтайды; Экожүйенің өзгеруінің нәтижесіндегі өзгерістерді сипаттайды; Экожүйенің ауысу түрлері мен себептерін анықтайды. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Экожүйенің ауысу себептері туралы жазбалар жасап, есеп дайындай алады. Пәнге тән лексика мен терминология: абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлар Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Абиотикалық факторлар: ..., …, ... және т.б. .., …, ... биотикалық факторлар болып табылады, ал ..., …, ... абиотикалық факторлар. Антропогендік факторлар ..., …, ... және т.б. | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді. Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді. Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады. Экожүйелердің ауысу себептерін анықтау барысында биологиялық алуантүрліліктің сақталуына себепші болады, табиғаттағы тепе-теңдік сияқты, биосфера, экожүйедегі, экономикадағы тұрақтылық сияқты маңызды түсінігі арқылы жаһандық азаматтық дамытылады. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экожүйенің ауысуына әкелетін факторларды анықтау физика пәнімен байланысады. | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта экожүйеге экологиялық факторлардың ықпалы үдерістермен танысты. Оқушылар экологиялық факторларды атай алады, ажырата біледі. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында экологиялық факторлардың ерекшеліктерін сипаттау арқылы жүзеге асады. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Жұптар «5.6.1.2 -экожүйе түрлерін жіктеу, 5.6.1.4 -табиғи және жасанды экожүйелерді салыстыру» оқу мақсаттары бойынша білімдерін «Экожүйелердің ауысу себептері неде?» сұрағын талдау арқылы көрсетеді. 2. Ой шақыру. Мұғалім ұсынған экожүйенің абиотикалық, биотикалық факторларын анықтайды.
3. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | Қосымша 1 | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-15 15-20 20-22 22-32 32-37 | 4. «Сұрақ жауап» әдісі. Оқушылар суреттегі экожүйенің өзгеруінің себептерін атап, нәтижесін талдайды. 5. Мәтін «Экожүйелердің ауысуы» Белгілі бір орта аумағындағы экожүйелердің ауысуы табиғи үдеріс. Ол жүйелі, бағытталған және болжамды үдеріс болып табылады. Экожүйелердің ауысуы барысында бір түр екінші түрді алмастырады. Осылайша біртіндеп биоценоздың алуан түрлілігі артады. Биоценоздағы түр саны көп болған сайын, ол тұрақты бола түседі. Егер қоршаған орта жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болса, мұндай жағдайда өзгерістер баяу жүреді. Бұл жерде қалыпты жылдамдық геологиялық уақытпен өлшенеді. Қазіргі кезде адамзаттың белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде экожүйелердің ауысу қарқыны ұлғайды. 6. Мұғалімнің түсіндірмесі. Қоршаған орта жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болғанмен, ұзақ уақыт аралығында өзгеретінін сипаттайды. Бұл жерде қалыпты жылдамдық геологиялық уақытпен өлшенеді. 7. Топтық жұмыс. Мәнмәтінмен танысып, нәтижесін басқа топ мүшелеріне «Түсіндіру», «Қорытындылау», «Бағалау», «Болжау» түрінде ұсынады. Ұзақ жылдар аралығында ауыл жайылымы өз қорын тауысқан, экожүйе толығымен бұзылған. Жергілікті шаруалар бұл мәселенің шешімін ұзақ іздеді. Экожүйені қалпына келтіру жолын жергілікті мектеп оқушысы ұсынды. Ол жайылымға пішен шашып қоюды ұсынды. Бұл ұсыныс тиімді болды және үш-төрт жылда бұл жайылым өзінің алғашқы табиғи қалпына жақындады. Себебі пішенде дала экожүйесіндегі өсімдіктер жиынтығының тұқымыдары болады. 1-топ. «Түсіндіру» Сендердің ойларыңша бұл әдіс өз аймақтарыңда қаншалықты тиімді? 2-топ. «Қорытындылау» Жаңа ақпараттағы негізгі ойларды атаңдар. 3-топ. «Бағалау» берілген экожүйені қалпына келтірудің қажеттілігін бағалаңдар. 4-топ. «Болжау»: Қалай ойлайсыңдар, 10, 20, 30 жылдан кейін бұл жайылымда не болуы мүмкін?
Мұғалім кері байланыс береді. 8. Сабақты бекіту Оқушылар «Экожүйенің ауысу себептері» кестесін толтырады.
Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.
| Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 Қосымша 5 | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 37-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Мен ...түсіндім», «мен ...түсінбедім», «мен... толықтырамын». «Мен түсінбедім» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі. | Қосымша 6 | ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады. Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады. Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды. Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады | Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы Дескрипторлар арқылы | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. |
Қосымша 1
Экожүйелер
Қосымша 2
Экожүйенің ауысуы
Қосымша 3
Экожүйелердің ауысуы
Белгілі бір орта аумағындағы экожүйелердің ауысуы табиғи үдеріс. Ол жүйелі, бағытталған және болжамды үдеріс болып табылады. Экожүйелердің ауысуы барысында бір түр екінші түрді алмастырады. Осылайша біртіндеп биоценоздың алуан түрлілігі артады. Биоценоздағы түр саны көп болған сайын, ол тұрақты бола түседі. Егер қоршаған орта жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болса, мұндай жағдайда өзгерістер баяу жүреді. Бұл жерде қалыпты жылдамдық геологиялық уақытпен өлшенеді. Қазіргі кезде адамзаттың белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде экожүйелердің ауысу қарқыны ұлғайды.
Қосымша 4
Мәнмәтін
Ұзақ жылдар аралығында ауыл жайылымы өз қорын тауысқан, экожүйе толығымен бұзылған. Жергілікті шаруалар бұл мәселенің шешімін ұзақ іздеді. Экожүйені қалпына келтіру жолын жергілікті мектеп оқушысы ұсынды. Ол жайылымға пішен шашып қоюды ұсынды. Бұл ұсыныс тиімді болды және үш-төрт жылда бұл жайылым өзінің алғашқы табиғи қалпына жақындады. Себебі пішенде дала экожүйесіндегі өсімдіктер жиынтығының тұқымыдары болады.
Қосымша 5
Экожүйенің ауысу себептері
Экожүйенің ауысуы | Себептері |
Қосымша 6
Кері байланыс «Мен ...»
Мен ...түсіндім
Мен ...түсінбедім
Мен... толықтырамын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?