Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


Қосымша 1

Қосымша 2

«Қоректік тізбек» ойыны

Әр оқушының бұл ойында өз рөлі болады. Оқушыларға бұл ойында түлкілер тек үкілерді жейтіндігі, үкілер- жыландарды, жыландар - тышқандарды, тышқандар- шөпті жейтіндігін түсіндіру қажет.

«Бидай» тобындағы әр оқушыға бес кәмпиттен беріледі. Оқушыларға бұл кәмпиттер – энергия, яғни өсімдіктердің Күннен алған энергиясы екені түсіндіріледі. Өсімдік өсу барысында 5 кәмпиттің 4-ін өз қажеттігіне жұмсайды.

Мұғалім ойынның басталғандығы жайлы белгі бергенде барлық оқушылар өз рөлдеріне еніп, қорегін іздей бастайды. Бірақ қоректе (ойыншыларда) кәмпит болу қажет, бұл энергияның бар екенінінің көрсеткіші. Тышқан «шөпті» жегенде ойыншыдан бір кәмпит алады, Әр команданың ойыншылары бір кәмпиттен жоғалтады, қалған кәмпитті өз қажеттіліктеріне жұмсайды.

Нәтижесінде барлық ойыншылардың қажеттіліктері қанағаттандырылмайды.

Қосымша 3

Мәтін «Энергия қоректік тізбек арқылы қалай өтеді?»

 Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын қолданып, фотосинтез процесі арқылы қорек жасап шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді. Бұл процесс өте тиімсіз, себебі жануарлар қозғалғанда, денелерінен заттарды бөліп шығарғанда және дем алғанда энергия жоғалады. Нәтижесінде, келесі трофикалық деңгейге өткен сайын энергия азая түседі, сондықтан жоғарғы трофикалық деңгейлерде ағзалар саны аз болады. Осы байланыстарды биомассалар пирамидасы арқылы көрсетуге болады

Қосымша 4

10% ережені ескере отырып 5 кг бір бүркіт өсу үшін қанша шөп керектігін есепте. (қоректік тізбек: шөп – қоян– бүркіт). Әрбір трофикалық деңгейде әрқашан алдыңғы деңгейдегі өкілдерді ғана жейтінін шартты түрде қабылда.

Қосымша 5

Кері байланыс «Табыс баспалдағы»

1 - баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН. 

 2 -баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕДІМ.  

3 - баспалдақ Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН 

http://инфоурок.ру 599808



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу