Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация. 2 - сабақ.


ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы_2-сабақ

6.6.1.1 экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын графикалық түрде көрсету және түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын анықтау;

экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын көрсететін графикті сипаттау.

Бағалау критерийлері:

экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы сызбасын құрады;

сызбаны пайдаланып, ағзалар арасындағы байланысты сипаттайды;

экожүйедегі ағзалар арасындағы байланыстың ағзалар санына әсерін талдайды.

Пәндік лексика және терминология:

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Берілген үлескеде экожүйенің ... компоненттері анықталды.

Бұл экожүйенің компоненттеріне әсер ететін факторлар….

Графикте берілген экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын сипатта

Экожүйедегі қарым қатынас

Қоректік тізбек экожүйедегі қоректену қарым-қатынасын сипаттайды. Трофикалық деңгей қоректену деңгейін көрсетеді. Продуценттер бірінші трофикалық деңгейден, шөпқоректілер екінші трофикалық деңгейден, ал етқоректілер үшінші деңгейден орын алады, және солай жалғаса береді. Шынайы экожүйелердегі қоректік тізбектер бір-бірінен оқшауланбайды, керісінше бір-бірімен тығыз байланыста болады. Оларды қоректік желілер деп атайды, және олар экожүйедегі ағзалардың өзара байланысын көрсетеді. Қаршығалар торғайлармен қатар, басқа да кішкентай құстармен және сүтқоректілермен қоректенеді, ал олар өз кезегінде әртүрлі қорек көзімен қоректенеді, бірақ кейбір қорек көздері үшін олар басқа ағзалармен бәсекеге түседі.

Топтық жұмыс «Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы»

1- топ. Дайын график бойынша сипаттайды.

2- топ. Суреттегі ақпараттарды пайдаланып, график құрастырады.

3- топ. Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып график құрады.

4- топ. Берілген графикті толықтырады.

Рефлексия «Мен үшін...»

І. Мен үшін жаңалық

ІІ. Сабақта жақсы іске асты

ІІІ. Сабақ барысында қиындық тудырды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу