Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6. Экология және тұрақты даму

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы_1-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Қоректік тізбекте энергия мен заттардың ауысуын талдау;
  • Экологиялық пирамидада әрбір деңгейдегі қарым қатынасты орнату

 Бағалау критерийлері

  • Қоректік тізбекте энергия мен заттардың ауысуын көрсетеді;
  • Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Қоректік тізбектер құрастырып, тізбектегі ағзалар арасындағы байланысты сипаттай алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Түзушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар, энергия, 10%, пирамида

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

  • Түзушілер: ..., …, ... және т.б.
  • ..., …, ... тұтынушылар болып табылады, ал ..., …, ... ыдыратушылар.

Экологиялық пирамидада әр бір келесі деңгейге ... беріледі, себебі... .

 Құндылықтарды дарыту

 

Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді.

Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді.

Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады.

Экожүйелердің ауысу себептерін анықтау барысында биологиялық алуантүрліліктің сақталуына себепші болады, табиғаттағы тепе-теңдік сияқты, биосфера, экожүйедегі, экономикадағы тұрақтылық сияқты маңызды түсінігі арқылы жаһандық азаматтық дамытылады.

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады.

 Пәнаралық байланыстар

Экожүйенің ауысуына әкелетін факторларды анықтау физика пәнімен байланысады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта экожүйеге экологиялық факторлардың ықпалы үдерістермен танысты. Оқушылар экологиялық факторларды атай алады, ажырата біледі. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында экологиялық факторлардың ерекшеліктерін сипаттау арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар продуцент, консумент, редуцент сөздерін кезекпен атау арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ «продуцент, консумент, редуценттер өзара қалай байланысқан?» сұрағына жауап береді. 5- сыныптағы 5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.

Оқушылар ұсынылған суреттер арқылы қоректік тізбек құрастырады. Қоректік тізбектегі продуцент, консумент, редуценттерді анықтайды.

Дескрипторлар

 Оқушы

Қоректік тізбектегі ағзалардың орынын анықтайды.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10 - 15

15-30

30-38

4. Мәтін «Энергия қоректік тізбек арқылы қалай өтеді?»

Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын қолданып, фотосинтез процесі арқылы қорек жасап шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді.

5. Топтық жұмыс.

Әр топ:

1. Суретте берілген ағзалар арасындағы энергия және заттар ағысының пирамидасын құрастырады.

2. Әр топ жұмыстарымен алмасып, құрастырылған пирамидасын тексереді, қажет болса толықтырады.

3. Әр топ өз жұмыстарын қайта алып, толықтырулармен танысады.

4. Өз жұмысын қорғайтын топты жеребе көмегімен анықтауға болады. Топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс береді.

Дескрипторлар

Оқушы

Қоректік тізбектегі ағзалардың байланысын көрсетеді;

Қоректік тізбектегі энергияның берілу заңдылықтарын сипаттайды;

Қоректік тізбектегі заттардың ауысуын көрсетеді.

6. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар? Әдеттегі қоректік тізбектерде үштен беске дейін трофикалық деңгей болады. Бестен көп трофикалық деңгейі болатын қоректік тізбектер сирек кездеседі, себебі қосымша трофикалық деңгейде ағзалар популяциясын сақтау үшін қолжетімді энергия өте аз болады.

7. Сабақты бекіту. Ұсынылған әр түрлі пирамида сызбаларына тиісті ағзаларды орналастыр.

Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.

Дескрипторлар

Оқушы

Продуценттердің орынын анықтайды;

Консументтердің орнын көрсетеді.

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы:

38-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Кері байланыс «Табыс баспалдағы».

1 - баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН.  2 - баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕДІМ.  3 - баспалдақ Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН 

«Мен ТҮСІНБЕДІМ» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.

Қосымша 5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады

Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады.

Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады.

Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды.

Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады

Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы

Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы;

Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы;

Дескрипторлар арқылы.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Қосымша 1

Қосымша 2

Мәтін «Энергия қоректік тізбек арқылы қалай өтеді?»

 Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын қолданып, фотосинтез процесі арқылы қорек жасап шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді. Бұл процесс өте тиімсіз, себебі жануарлар қозғалғанда, денелерінен заттарды бөліп шығарғанда және дем алғанда энергия жоғалады. Нәтижесінде, келесі трофикалық деңгейге өткен сайын энергия азая түседі, сондықтан жоғарғы трофикалық деңгейлерде ағзалар саны аз болады. Осы байланыстарды биомассалар пирамидасы арқылы көрсетуге болады

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Кері байланыс «Табыс баспалдағы»

1 - баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН. 

 2 -баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕДІМ.  

3 - баспалдақ Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу