Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 - сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6. Экология және тұрақты даму | Мектеп: | |||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы_2-сабақ | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Қоректік тізбектер құрастырып, тізбектегі ағзалар арасындағы байланысты сипаттай алады Пәнге тән лексика мен терминология: Түзушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар, энергия, 10%, пирамида Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:
Экологиялық пирамидада әр бір келесі деңгейге ... беріледі, себебі... . | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді. Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді. Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады. Экожүйелердің ауысу себептерін анықтау барысында биологиялық алуантүрліліктің сақталуына себепші болады, табиғаттағы тепе-теңдік сияқты, биосфера, экожүйедегі, экономикадағы тұрақтылық сияқты маңызды түсінігі арқылы жаһандық азаматтық дамытылады. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экожүйенің ауысуына әкелетін факторларды анықтау физика пәнімен байланысады. | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта экожүйеге экологиялық факторлардың ықпалы үдерістермен танысты. Оқушылар экологиялық факторларды атай алады, ажырата біледі. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында экологиялық факторлардың ерекшеліктерін сипаттау арқылы жүзеге асады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топта бидай тұқымы, тышқан, түлкі рөліне бөлінеді. Әр топ «Экожүйедегі қоректік тізбектер туралы білудің маңызы неде?» сұрағына жауап береді, өткен сабақтағы оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.
2. Ой шақыру. Оқушылар «Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар?» сұрағын талқылайды.
3. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | Қосымша 1 | ||||||||
Сабақтың ортасы 10-15 15 - 30 30-38 | 4. Мұғалімнің түсіндірмесі. Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар? Әдеттегі қоректік тізбектерде үштен беске дейін трофикалық деңгей болады. Бестен көп трофикалық деңгейі болатын қоректік тізбектер сирек кездеседі, себебі қосымша трофикалық деңгейде ағзалар популяциясын сақтау үшін қолжетімді энергия өте аз болады. 5. Топтық жұмыс. «Қоректік тізбек» ойыны. Оқушылар топта бидай тұқымы, тышқан, түлкі рөліне бөлінеді. Оқушылар бұл ойында түлкілер тек тышқандарды жейтіндігі, тышқандар- бидай тұқымын жейтіндігін түсіндіреді. Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс беріп, қоректік тізбекте энергияның бір деңгейден келесі деңгейге өтетіндігін, энергияның берілу заңдылықтары немесе «10% ереже», бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге 10% артық энергия өтпейді, 90% энергия ағзаның өз қажеттігіне жұмсалатындығын талдайды. Ойын нәтижесінде қоларындағы қалған «қорек» мөлшерлерін санау арқылы экологиялық пирамида құрастырады.
6. Сабақты бекіту. 10% ережені ескере отырып 5 кг бір бүркіт өсу үшін қанша шөп керектігін есепте. (қоректік тізбек: шөп – қоян– бүркіт). Әрбір трофикалық деңгейде әрқашан алдыңғы деңгейдегі өкілдерді ғана жейтінін шартты түрде қабылда. Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.
| Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 | ||||||||
Сабақтың соңы: 38-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Табыс баспалдағы». 1 - баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН. 2 - баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕДІМ. 3 - баспалдақ Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН «Мен ТҮСІНБЕДІМ» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі. | Қосымша 5 | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады. Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады. Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды. Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады | Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы; Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы; Дескрипторлар арқылы. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. |
Қосымша 1
Қосымша 2
Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар? Әдеттегі қоректік тізбектерде үштен беске дейін трофикалық деңгей болады. Бестен көп трофикалық деңгейі болатын қоректік тізбектер сирек кездеседі, себебі қосымша трофикалық деңгейде ағзалар популяциясын сақтау үшін қолжетімді энергия өте аз болады.
Қосымша 3
«Қоректік тізбек» ойыны
Ойын басталар алдында оқушылар арасында келесі рөлдерді бөліңіз: күн (1 адам); бидай тұқымы (6 адам); тышқан (3 адам); түлкі (1 адам). Күн қолына ыдысқа салынған конфет алады (12 дана) және оны "энергияны" бидай тұқымына береді - әр бидай тұқымында 2 конфет бар. Бір конфет әрбір бидай тұқымы қалтасына салады-күннен алынған "энергияның" бұл бөлігі өсімдіктің өмірлік үдерістеріне қолдауға жұмсалады, ал екіншісі-тышқандарға береді. Осылайша, әрбір тышқан екі конфет алады. "Энергия" бөлігі (бір конфет) тышқан өзіне жұмсайды(қалтасына салады), ал екінші конфетті -түлкіге береді. Осылайша, Түлкіде үш конфет бар. Түлкінің "энергия" бөлігін жұмсайды(бір конфетті қалтасына салады), ал қалған бөлігін түлкіні жейтіндерге береді(2 конфетті мұғалімге қайтарады).
Тізбектегі әр ағза алған энергияларын анықтау үшін қалталарына салған конфеттерін шығарып, санайды және пирамида құрастырады. Пирамиданың табаны бидай тұқымдарының энергия «конфет» саны, келесі сатысында тышқандардағы энергия «конфет» саны, келесі сатыда түлкідегі энергия «конфет» саны.
Қосымша 4
10% ережені ескере отырып 5 кг бір бүркіт өсу үшін қанша шөп керектігін есепте. (қоректік тізбек: шөп – қоян– бүркіт). Әрбір трофикалық деңгейде әрқашан алдыңғы деңгейдегі өкілдерді ғана жейтінін шартты түрде қабылда.
Қосымша 5
Кері байланыс «Табыс баспалдағы»
1 - баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН. 2 -баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕДІМ. 3 - баспалдақ Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН |
http://инфоурок.ру 599808
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?