Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында оқушылар «Шаттық шеңберін» құрып тұрады және бір-біріне сәттілік тілейді. Содан кейін «Ой шақыру» кезеңінде «Қозғалыстың салыстырмалылығы» тақырыбына шағын бейне көреді. Оқушыларға бейнеден кейін бірнеше сұрақтар қойылады. Сол арқылы оқушыларды жаңа сабаққа бейімдейсіз және сабақ мақсаты айқындалады. Оқушыларға сұрақ қоя отырып сабақ тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.

 Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер қажет болса сөздердің транскрипциясын айтыңыз.

 Жаңа тақырыпты игеру барысында топтық жұмыс ұйымдастырылады. Топқа бөлу барысында оқушылардың қабілетін ескеруге немесе кездойсоқ топтарға бөлуге болады. Ол үшін арнайы веб ресурстарды қолдану жеңілірек немесе сабақ жоспарындағы үлгіні қолданыңыз. Сілтеме пайдалы сілтемелер айдарында берілген.

 Жаңа тақырыпты пысықтау барысын миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Сол арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдылары дамиды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырма дескрипторларын көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Рефлекциялық шеңбер» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасауы қажет. Оқушылар шеңбер құрып тұрып, сұрақтарға жауап береді. Барлық оқушылар жауап беруі міндетті емес.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

https://dictionary.cambridge.org/

немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable

https://www.jamestease.co.uk/team-generator/

http://www.aschool.us/random/random-pair.php

https://ikaz.info/mehanikaly-kozgalys-zhane-onyn-sipattamalary/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу