Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Бөлім: 6.3В Энергия және қозғалыс
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Қозғалыстың салыстырмалылығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.1 қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіреді;

- қозғалыстың салыстырмалылығын түсіндіреді;

- қозғалыстың маңыздылығын талқылайды;

-қозғалыстың салыстырмалылығын қолданып тапсырма орындайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіре алады;

- қозғалыстың салыстырмалылығын түсіндіре алады;

- қозғалыстың маңыздылығын жұппен талқылайды.

-қозғалыстың салыстырмалылығын қолданып тапсырма орындай алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- қозғалыстың салыстырмалылығын ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

- қозғалыстың салыстырмалылығын ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады;

-бақылау арқылы қозғалыстың салыстырмалылығын ауызша анықтауға ой қоса алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

механикалық қозғалыс материялық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, қозғалыстың салыстырмалылығы, санақ жүйесі.

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Қозғалыстың бірнеше түрлері бар…

Жолды анықтау үшін...

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

механикалық қозғалыс

механическое движение

mechanical movement/motion

материялық нүкте

материальная точка

a material point

траектория

траектория

trajectory

жол

путь

distance

орын ауыстыру

перемещение

displacement

қозғалыстың салыстырмалылығы

относительность движения

relativity of motion

санақ жүйесі

система отсчета

reference system

Құндылықтарды дарыту

Оқу процесі кезінде оқушылар:

  • дұрыс шешім қабылдау үшін сын тұрғысынан ойлауды,
  • шындықты объективті қабылдау үшін, өзгелардің мәдениеттері мен ойларына құрмет көрсетуді,
  • өмірдің кез келген жағдайында таным процесін өз бетінше реттеуді,
  • топтық жұмыс кезінде өзгенің пікірін тыңдауды үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ тақырыбы қозғалыс болғандықтан, тақырып физика курсымен байланысты оқытылады.

Жолды есептеу барысында математикалық дағдыларын қолданып есептеулер жүргізеді.

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland онлайн ресурсты қолдану арқылы оқыту. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/qozhalys/lesson/mexanikalyq-qozhalys-sanaq-zhui-esi-qozhalystyng-salystarmalylyhy

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды тауып, пайдалана білу

Бастапқы білім

5 сынып, Жаратылыстану

5.5.2.1 тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіру және түсіндіру

5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

4-7 мин

1. Шаттық шеңбері.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады және бір-біріне сәттілік тілейді.

2. Ой шақыру

«Қозғалыстың салыстырмалылығы» тақырыбына шағын бейне көру. Оқушыларға бейнеден кейін бірнеше сұрақтар қойылады. Сол арқылы оқушыларды жаңа сабаққа бейімдейcіз және сабақ мақсаты айқындалады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қозғалыстың салыстырмалылығын түсінеді;
  • мысалдар келтіреді;

Презентация

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/qozhalys/lesson/mexanikalyq-qozhalys-sanaq-zhui-esi-qozhalystyng-salystarmalylyhy

Сабақтың ортасы

7-9 мин

10-17 мин

18-26 мин

27-36 мин

3. Глоссариймен жұмыс

Оқушылардан механикалық қозғалыс материялық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, қозғалыстың салыстырмалылығы, санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын, ұғымдарды қалай түсінетіндерін сұрау. 3 тілде мағыналарын толықтыру.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады.

3. Жаңа тақырыпты игеру

Топпен жұмыс: `Jigsaw` тәсілі

Оқушылар топпен жұмыс жасайды және шағын зерттеу арқылы сұрақтарға жауап береді.

Топтарға бөлу: "Мозаика " стратегиясы . Оқушылар кесілген суреттер бойынша топтарға бөлінеді. Қозғалыстағы денелер бейнеленген үш суреттті алып, қатысушылар саны бойынша қиямыз. Әрбір қатысушыға бір бөлігі беріледі. Жиналған суреттер бойынша топтар құрылады

1-топ:

Сұрақтарға жауап беру қажет:

1. Бор тақтамен байланысты санау жүйесіне қалай қозғалады? Қозғалыстың траекториясы қандай?

2. Бор сызғышпен байланысты санау жүйесіне қалай қозғалады? Қозғалыстың траекториясы қандай? Талқылау. Қорытынды жасау қажет.

2-топ:

сұрақтарға жауап беру қажет:

1. Бор сызғышпен байланысты санау жүйесіне қалай қозғалады? Қозғалыстың траекториясы қандай?

2. Бор үстелмен байланысты санау жүйесіне қалай қозғалады? Қозғалыстың траекториясы қандай?

Талқылау. Қорытынды жасау қажет.

3-топ:

Қозғалмалы объектілердің қозғалысын бақылау

оқушылар сұрақтарға жауап береді :

1. Адам машинамен байланысты санау жүйесіне қалай қозғалады? Қозғалыстың траекториясы қандай?

2. Адам Жермен байланысты санау жүйесіне қалай қозғалады? Қозғалыстың траекториясы қандай? Қайсысы тыныштық күйін сақтайды?

4. Сұрақтарға жауап беру

Оқушылар өз сұрақтарын оқиды және жауап береді. Әр сұраққа жауап беру уақыты 1 мин. Басқа оқушылар сұрақтар мен жауаптарын мұқият тыңдайды, өзіне жазып алады және қажет болса толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • топтардың бірін-бірі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қозғалыстың салыстырмалылығын анықтай алады;
  • траекторияны түсіндіре алады;
  • қозғалыстағы денелердің қозғалысын сипаттап түсіндіре алады;
  • тыныштықтағы денені күйін сипаттай алады.

6. Сабақты бекіту

Есептер шығару үлгілері:

1.Велосипедшінің жылдамдығы 10 м/с, ал қарсы соққан желдің жылдамдығы 6 м/с. Велосипедшіге қатысы желдің жылдамдығын анықтаңдар

Бер:  u=10 м/с велосипедшінің жерге қатысты жылдамдығы. u2=6м/с желдің жерге қатысты жылдамдығы.

u1=? Желдің велосипедшіге қатысты жылдамдығы. Шешуі: u=u1+u2 осыдан  u1=u-u2=4м/с

2. Жолаушы 5 минутта қашықтықты жүріп өтті. Жолаушының жылдамдығын табыңыз (м/с).

Берілгені: ХБЖ Шешуі:

t=5 мин 300c v=s/t

s=0,3 км 300 м v=300м/300с=1м/с

т/к: v-? Жауабы: 1м/с.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды және соңында өзін- өзі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушылардың өзін-өзі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қозғалыстың салыстырмалылығын анықтай алады;
  • қозғалыстағы денелердің қозғалысын сипаттап түсіндіре алады;
  • берілген шамаларды анықтап, есепті дұрыс есептей алады.

Глоссарий

презентация

Қосымша 1

Қозғалыстағы денелер суреті

Әр топқа ноутбук қажет

Құралдар: Сызғыш, сынып тақтасы ,кесек бор.

Құралдар: Сызғыш, кесек бор .

Терезеден қарағандағы бейне.

Қосымша 2

Қосымша 2

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс «Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

 Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

 Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

 Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіре алады.

Оқушылардың көпшілігі

Өозғалыстың салыстырмалылығын мысылдар арқылы түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар

Қозғалыстың салыстырмалылығын практикада қолданып есептер шығара алады.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Өздік жұмысты-өзіндік бағалау
  • Өз-ара бағалау
  • Оқушылар қозғалыстың салыстырмалылығын анықтау, салыстыру барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Ноутбукпен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін орындауын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу