Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушылар «Ой қозғау» тапсырмасын орындайды. Оқушылар сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады. Негізгі кілт сөздер: қозғалыс пен тыныштық. Оқушыларға сұрақ қоя отырып сабақ тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз. Ой қозғау арқылы оқушыларды жаңа сабаққа бейімдейсіз және сабақ тақырыбы мен мақсаты тұжырымдалады. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Миға шабуыл арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту арқылы жаңа тақырыпқа тереңірек үңілуге, түсінуге мүмкіндік жасайсыз.
Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипция ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.
Жаңа тақырыпты игеру барысында «Мағынаны тану» тапсырмасы арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдылары дамытылады.
Жаңа тақырыпты пысықтау барысын миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Оқушылардың сыни ойлау арқылы жаңа тақырыпты бекітеді. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырма дескрипторларын көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы кері байланыс жасауы қажет. Стикерге әр оқушы осы сабақтан алған 3 жаңа ақпаратын жазады. Қалаған оқушы өзінің жазғандарын оқып бере алады. Қалған оқушылар стикерлерін шағын тақташаға жапсырады. Үй жұмысы өздік оқуға арналған интернет ресурсымен жұмыс жасалады. Сондықтан оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты орындалады. Барлық оқушыдан міндетті түрде талап етпеңіз.
Пайдалы сілтемелер:
https://dictionary.cambridge.org/
немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
http://www.aschool.us/random/random-pair.php
https://ikaz.info/mehanikaly-kozgalys-zhane-onyn-sipattamalary/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?