Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


Қосымша 1

Теориялық түсінік

Қозғалыстың салыстырмалылығы

 Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды. Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады. Кез-келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.

 Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз. Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі. Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды. Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.

 

Оқушылар қосымша мәтінді оқиды. Төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Қандай қозғалыс механикалық қозғалыс деп аталады?
  • Қозғалыс қай кезде салыстырмалы болады?
  • Санақ денесі және санақ жүйесінің айырмашылығы неде?
  • Салыстырмалы қозғалысқа өмірден мысалдар келтір.
  • Қозғалысты қандай шамалармен сипаттаймыз?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушылардың бірін-бірі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қозғалыстың салыстырмалылығын анықтай алады;
  • механикалық қозғалыс ұғымын түсіндіре алады;
  • қозғалыстағы денелердің қозғалысын сипаттап түсіндіре алады;
  • тыныштықтағы денені күйін сипаттай алады.
  • Салыстырмалы қозғалысқа мысалдар келтіреді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу