Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Бөлім: 6.3В Энергия және қозғалыс
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Қозғалыстың салыстырмалылығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.1 қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіреді;

- қозғалыстың салыстырмалылығын түсіндіреді;

- қозғалыстың маңыздылығын талқылайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіре алады;

- қозғалыстың салыстырмалылығын түсіндіре алады;

- қозғалыстың маңыздылығын жұппен талқылайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- қозғалыстың салыстырмалылығын ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

- қозғалыстың салыстырмалылығын ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады;

-бақылау арқылы қозғалыстың салыстырмалылығын ауызша анықтауға ой қоса алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

механикалық қозғалыс материялық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, қозғалыстың салыстырмалылығы, санақ жүйесі.

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Қозғалыстың бірнеше түрлері бар…

Жолды анықтау үшін...

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

механикалық қозғалыс

механическое движение

mechanical movement/motion

материялық нүкте

материальная точка

a material point

траектория

траектория

trajectory

жол

путь

distance

орын ауыстыру

перемещение

displacement

қозғалыстың салыстырмалылығы

относительность движения

relativity of motion

санақ жүйесі

система отсчета

reference system

Құндылықтарды дарыту

Оқу процесі кезінде оқушылар:

  • дұрыс шешім қабылдау үшін сын тұрғысынан ойлауды,
  • шындықты объективті қабылдау үшін, өзгелардің мәдениеттері мен ойларына құрмет көрсетуді,
  • өмірдің кез келген жағдайында таным процесін өз бетінше реттеуді,
  • топтық жұмыс кезінде өзгенің пікірін тыңдауды үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ тақырыбы қозғалыс болғандықтан, тақырып физика курсымен байланысты оқытылады.

Жолды есептеу барысында математикалық дағдыларын қолданып есептеулер жүргізеді.

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland онлайн ресурсты қолдану арқылы оқыту. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/qozhalys/lesson/mexanikalyq-qozhalys-sanaq-zhui-esi-qozhalystyng-salystarmalylyhy

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды тауып, пайдалана білу

Бастапқы білім

5 сынып, Жаратылыстану

5.5.2.1 тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіру және түсіндіру

5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

5-8 мин

1. Ой қозғау

Оқушылар сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады. Шарты қозғалыс пен тыныштық туралы әңгімелеу.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қозғалыстың салыстырмалылығын түсінеді;
  • мысалдар келтіреді;
  • тыныштықтағы және қозғалыстағы объектілерді ажырата алады.

Ой қозғау арқылы сабақ тақырыбы мен мақсаты тұжырымдалады.

2. Миға шабуыл

Ойлануға берілетін сұрақтар:

  • Дененің тыныш тұрғанын қалай ажыратамыз?
  • Дененің қозғалып бара жатқанын қалай ажыратамыз?
  • Жер бетінде қандай денелер тыныш тұрады?
  • Жүріп бара жатырған көлік ішінде отырған адам қозғалыста ма, әлде тыныштықта ма?
  • Тұманды күні қайықта отырған адам қайығының қозғалып бара жатырғанын неліктен ажырата алмайды?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қозғалыстың салыстырмалылығын түсіндіреді;
  • тыныштықтағы және қозғалыстағы объектілерді салыстырып қорытынды шығара алады.

Презентация

Сабақтың ортасы

9-11 мин

12-19 мин

20-28 мин

29-35 мин

3. Глоссариймен жұмыс

Оқушылардан механикалық қозғалыс материялық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, қозғалыстың салыстырмалылығы, санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын, ұғымдарды қалай түсінетіндерін сұрау. 3 тілде мағыналарын толықтыру.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады.

4. Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндіруі

мотоциклисттің қозғалып бара жатқанын жол белгімен салыстыру арқылы білеміз, ал жол белгінің тыныштықта тұрғанын қалай білеміз? Жол белгі Жер шарымен салыстырғанда және Аймен салыстырғанда қандай күйде?

марафоншының жүгіріп бара жатқанын жол белгімен салыстыру арқылы білеміз. Жол белгі Жер шарымен салыстырғанда және Аймен салыстырғанда қандай күйде?

автобустың жүріп бара жатқанын жол жиегіндегі ағаштармен салыстыру арқылы білеміз. Ал көлік ішіндегі адамды қай жағдайда қозғалыста және тыныштықта деп қарастыруға болады?

5. Мәтінмен жұмыс

Оқушылар қосымша мәтінді оқиды. Төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Қандай қозғалыс механикалық қозғалыс деп аталады?
  • Қозғалыс қай кезде салыстырмалы болады?
  • Санақ денесі және санақ жүйесінің айырмашылығы неде?
  • Салыстырмалы қозғалысқа өмірден мысалдар келтір.
  • Қозғалысты қандай шамалармен сипаттаймыз?

Басқа оқушылар сұрақтар мен жауаптарын мұқият тыңдайды, өзіне жазып алады және қажет болса толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушылардың бірін-бірі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қозғалыстың салыстырмалылығын анықтай алады;
  • механикалық қозғалыс ұғымын түсіндіре алады;
  • қозғалыстағы денелердің қозғалысын сипаттап түсіндіре алады;
  • тыныштықтағы денені күйін сипаттай алады.
  • Салыстырмалы қозғалысқа мысалдар келтіреді.

6. Сабақты бекіту

Өздік жұмыс

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды және соңында өзін- өзі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушылардың өзін-өзі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қозғалыстың салыстырмалылығын анықтай алады;
  • тыныштықтағы және қозғалыстағы денелерді ажырата алады;
  • қозғалыстағы денелердің қозғалысын сипаттап түсіндіре алады;
  • тыныштықтағы денені күйін сипаттай алады.

Глоссарий

презентация

презентация

Қосымша 1

Материалы оқушыларға қағазға шығарып таратылады.

Қосымша 2

Сабақтың соңы

36-38 мин

39-40 мин

7. Кері байланыс

Стикерге әр оқушы осы сабақтан алған 3 жаңа ақпаратын жазады. Қалаған оқушы өзінің жазғандарын оқып бере алады. Қалған оқушылар стикерлерін шағын тақташаға жапсырады.

8. Үй жұмысы

Bilimland онлайн ресурсты қолдану арқылы сабақты қайталау https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/qozhalys/lesson/mexanikalyq-qozhalys-sanaq-zhui-esi-qozhalystyng-salystarmalylyhy

Түрлі стикерлер

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/qozhalys/lesson/mexanikalyq-qozhalys-sanaq-zhui-esi-qozhalystyng-salystarmalylyhy

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіре алады.

Оқушылардың көпшілігі

Өозғалыстың салыстырмалылығын мысылдар арқылы түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар

Қозғалыстың салыстырмалылығын практикада қолданып есептер шығара алады.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Өздік жұмысты-өзіндік бағалау
  • Өз-ара бағалау
  • Оқушылар қозғалыстың салыстырмалылығын анықтау, салыстыру барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Ноутбукпен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін орындауын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу