Қысым. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында оқушылар «Ой қозғау» тапсырмасын орындайды. Оқушылар сурет бойынша қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің суретіне қарап үш ортақ және 3 айырмашылығын анықтауы қажет. Оқушыларға сұрақ қоя отырып сабақ тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз. Ой қозғау арқылы оқушыларды жаңа сабаққа бейімдейсіз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.

 Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипция ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.

 Жаңа тақырыпты игеру үшін оқушылар заттың молекулалық құрылымының ерекшеліктеріне қарай оқушылар топпен шағын зерттеу жүргізеді. Топтарға бөлу үшін "Мозаика " стратегиясын қолданыңыз немесе онлайн ресурстарды қолдануға болады. Оқушылар кесілген суреттер бойынша топтарға бөлінеді. Қозғалыстағы денелер бейнеленген үш суреттті алып, қатысушылар саны бойынша қиямыз. Әрбір қатысушыға бір бөлігі беріледі. Жиналған суреттер бойынша топтар құрылады. Онлайн топқа бөлу қажет болса веб ресурстардың сілтемесі төменде көрсетілген.

 Жаңа тақырыпты пысықтау барысын миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Оқушылардың сыни ойлау арқылы жаңа тақырыпты бекітеді. Қысым туралы негізгі ой оқушылардың жасаған эксперименттік тапсырмасына негізделіп тұжырымдалуы қажет. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырма дескрипторларын көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Күн-бұлт» тәсілі арқылы кері байланыс жасауы қажет. Қалаған оқушы өзінің көңіл-күйі неліктен олай болғаны туралы түсіндіре алады.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

https://dictionary.cambridge.org/

немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable

https://www.jamestease.co.uk/team-generator/

http://www.aschool.us/random/random-pair.php

https://kk.wikipedia.org/wiki/қысым

http://el.kz/kz/news/archive/content-4886

https://www.youtube.com/watch?v=CwcrEzhytVM



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу