Қысым. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында оқушылар «Миға шабуыл» тапсырмасын орындайды. Миға шабуыл сұрақтарымен байланыстырып оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік беріңіз. Миға шабуыл арқылы оқушыларды жаңа сабаққа бейімдейсіз және сабаққа қызығушылығын арттырасыз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.

 Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипция ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.

 Жаңа тақырыпты игеру үшін оқушыларға мәселелік сұрақтар қоясыз. Сол арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдылары дамытылады және тақырыптың мазмұны ашылады. Мәселелік сұрақты демонстрация арқылы жасасаңыз тіпті әсерлі болады, ал мүмкіндік болмаса суреттен көрсетіңіз. Содан соң оқушылар жұппен шағын зерттеулер жүргізу арқылы сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. Сол арқылы тақырыпты игереді және тағы эксперименттік тапсырмалар арқылы білімді тиянақтайды.

 Эксперименттік тапсырма барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажеттігі туралы оқушыларға ескертіп отырыңыз.

 Жаңа тақырыпты пысықтау барысын миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Оқушылардың сыни ойлау арқылы жаңа тақырыпты бекітеді. Қысым туралы негізгі ой оқушылардың жасаған эксперименттік тапсырмасына негізделіп тұжырымдалуы қажет. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырма дескрипторларын көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Бағдаршам» тәсілі арқылы кері байланыс жасауы қажет. Қалаған оқушы өзінің көңіл-күйі неліктен олай болғаны туралы түсіндіре алады және алда қандай жұмыстар жасау қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

https://dictionary.cambridge.org/

немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable

https://www.jamestease.co.uk/team-generator/

http://www.aschool.us/random/random-pair.php

https://kk.wikipedia.org/wiki/қысым

http://el.kz/kz/news/archive/content-4886

https://www.youtube.com/watch?v=CwcrEzhytVM



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу