Қысым. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Бөлім: 6.3В Энергия және қозғалыс
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Қысым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.2 қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын айыра білу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын ажыратады;

-қатты, сұйық және газдардағы қысымның ерекшеліктерін сипаттайды;

-қатты денелер, сұйықтар мен газдардың құрылысындағы ерекшелігін ескеру арқылы, қысымды түсіндіреді;

-сұйықтар мен газдарда қысымның жан-жаққа таралатынын тәжірибе жүзінде анықтайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын ажырата алады;

-қатты, сұйық және газдардағы қысымның ерекшеліктерін сипаттай алады;

-қатты денелер, сұйықтар мен газдардың құрылысындағы ерекшелігін ескеру арқылы, қысымды түсіндіреді;

-сұйықтар мен газдарда қысымның жан-жаққа таралатынын тәжірибе жүзінде анықтайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын ауызша түсіндіреді;

-қатты, сұйық және газдардағы қысымның ерекшеліктерін ауызша және жазбаша сипаттайды;

-қатты денелер, сұйықтар мен газдардың құрылысындағы ерекшелігін ескеру арқылы, қысымның берілуін ауызша түсіндіреді;

-тәжірибе нәтижесін ауызша қорытынды жасайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қатты дене, сұйықтар, газдар, қысым, Паскаль заңы

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Қысым дегеніміз ...

Сұйықтар мен газдардың қысымы....

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

Қатты

твердое

Solid

Сұйық

Жидкое

Liquid

Газ

Газ

Gas

Молекула

молекула

Molecule

Қысым

Давления

Pressure

Паскаль заңы

Закон Паскаля

Pascal’s law

дене

вещество

Substance

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету);
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру;
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ тақырыбы қысым болғандықтан, тақырып физика курсымен байланысты оқытылады.

Қысымды есептеу барысында математикалық дағдыларын қолданып есептеулер жүргізеді.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды тауып, пайдалана білу

Бастапқы білім

5 сынып, Жаратылыстану

5.5.2.1 тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіру және түсіндіру

5.5.2.2 әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу

5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

6-8 мин

1. Миға шабуыл

Сұрақтар қою арқылы ауырлық күші және салмақ ұғымдарын еске түсіреді:

Жер бетіндегі барлық денелерге қандай күш әсер етеді?

Ол күш дененің массасына байланысты ма?

Массасы көп денеге массасы аз денеге қарағанда қандай күш әсер етеді? Көп пе, аз ба?

Салмақ қалай анықталады?

Миға шабуыл сұрақтарымен байланыстырып оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік беру.

2. Глоссариймен жұмыс

Оқушылардан тақырыпқа қатысты ұғымдарды қалай түсінетіндерін сұрау. 3 тілде мағыналарын толықтыру.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады.

Презентация

Молекула суреттері

Презентация

глоссарий

Сабақтың ортасы

9-15 мин

16-20 мин

21-25 мин

26-30 мин

31-36 мин

3. Мағынаны тану

Сурет бойынша проблемалық сұрақ қойылады:

  • Бала бір жағдайда қарға батты, ал екінші жағдайда батпады? Не себепті?
  • Екі жағдайдың бір бірінен қандай өзгешелігі бар?
  • Немесе екінші суретте көрсетілген шегелер бір жағдайда құмға батады, екінші суретте батпайды? Себебі неде?

Бұл екі факторды қандай ортақ ұғым біріктіреді? (Бұл екі факторды «Қысым» деген ортақ ұғым біріктіреді)

Бұл оқушыларды күш әсерінің нәтижесі тек оның мәніне ғана емес түскен ауданына да байланысты деген ойға жетелейді.

  • Еденге әр түрлі қысымы түсіретінде етіп тұра аласың ба? Ол үшін қалай тұру керек?
  • Қай жағдайда қысым көп болады? Қай жағдайда аз? Неліктен?

4. Шағын зерттеу

Жұппен жұмыс

Оқушылар ағаш білеушенің крахмалға немесе дымқыл құмға түсірген ізінің тереңдігін зерттейді.

Оқушыларға дымқыл құм немесе құрғақ крахмал салынған лотоктар мен ағаш білеуше беріледі. Олар крахмалы бар лотокқа білеушені салып, білеуше ізін мұқият қарайды. Білеушені басқа қырларымен салып тәжірибені қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді:

  • Іздердің бір бірінен айырмашылықтары қандай? Қай із тереңірек?
  • Бір дене неге әр түрлі эффект береді?

Тәжірибе нәтижесінде оқушылар мұғалімнің көмегімен қысым ауданға тәуелді деген қорытындыға келеді.

  • Қысымның ауданға тәуелдігін өмірде біз қалай қолданамыз?
  • Қай күректі қолданғанда жер қазу жеңіл болады?

Оқушылар жұптар бойынша шағын зерттеу нәтижелерімен танысады және қорытынды шығарады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • жұптардың бірін-бірі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қатты денелердің қысымының ерекшелігін сипаттайды;
  • қатты дене қысымының ауданға тәуелділігін анықтайды;

5. Жеке жұмыс

Оқушылар сұйықтар мен газдардағы қысымды анықтауға бірнеше тәжірибелер жасайды:

  • Қолдарына бүтін целлофан киіп су құйылған тереңірек ыдысқа қолдарын салып көреді. Пакетик қолдарына жан жағынан біркелкі жабысады.
  • Мұғалімнің ұсынысы бойынша шарды үрлейді.
  • Содан соң мұғалімнің Паскаль шарымен жасаған демонстрациясын көреді.

Жасалған тәжірибелер талқыланады. Мұғалім сұрақтар қоя отырып қысым газдар мен сұйықтарда барлық бағытта бірдей тарайды деген қорытынды жасауға ықпал етеді:

  • Қолыңды суға салғанда не сездің? (су қолымызды барлық жағынан қысып пакет қолымызға жабысып қалды)
  • Шарға бір бағытта ауа үрледік, бірақ шар қандай пішінге ие болды? (дөңгелек) Не себепті дөңгелек болды?
  • Сұйықтарда қысым қалай таралады екен?
  • Жасалған тәжірибелерден қандай қорытынды жасауға болады?

Оқушылар қысым газдар мен сұйықтарда барлық бағытта бірдей тарайды деген қорытынды жасайды.

6. Эксперименттік тапсырма

Оқушылар жұпта әр түрлі тереңдіктегі сұйықтың қысымын салыстыру үшін зерттеу жүргізеді. Бұл зерттеу «сұйықтықтың қысымы тереңдігіне тәуелді» деген ойға жетелейді.

Бүйіріне әр түрлі биіктікте диаметрлері бірдей тесіктер жасалған пластмасса бөтелкелелер таратып беріледі, ыдысқа су құйып оның ағысының алыстығын бақылайды.

  • Қай тесіктен су алысқа атқылады? Бұл нені білдіреді деп ойлайсың?
  • Аузы жабық бос пластмасса бөтелкені суға барсақ терең барған сайын ол қабырғалары ішіне қарай кіріп майысады?
  • Терең суға жүзетін жүзгіштер арнайы киімдер киеді? Олар қандай материалдардан жасалған киімдер киюі керек? Не себепті?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • жұптардың бірін-бірі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • сұйықтар мен газдардың қысымының ерекшелігін сипаттайды;
  • сұйықтар мен газдардың қысымы тәуелді шамаларды анықтайды.

7. Сабақты бекіту. Өздік жұмыс

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды және соңында өзін- өзі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушылардың өзін-өзі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • қатты денелердің қысымының ерекшелігін сипаттайды;

-тапсырмаға сәйкес қысымды азайтуға және арттыруға бағытталған құралдарды дұрыс анықтайды.

презентация

Құралдар:

Беті ашық құм толтырылған ыдыс, шегелер, шеге кіретін тесігі бар тақтайша,

Құм толы ыдыс, ағаш білеуше

Қосымша 1

Целлофан пакеттер

Суы бар үлкендеу ыдыс.

шарлар

паскаль шары

Бүйіріне әр түрлі биіктікте диаметрлері бірдей тесіктер жасалған пластмасса бөтелкелелер

Қосымша 2

Сабақтың соңы

37-40 мин

8. Кері байланыс «Бағдаршам»

Бағдаршам тәсілі арқылы оқушылар сабақ соңындағы көңіл күйін белгілейді.

«жасыл»-бәрі тамаша, барлығын түсіндім және орындадым.

«сары» - орташа, кейбір жұмыстарды орындай алмадым.

«қызыл» - онша емес, көптеген сұрақтарым.

Кері байланыс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

- қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын ауызша түсіндіреді;

Оқушылардың көпшілігі

-қатты, сұйық және газдардағы қысымның ерекшеліктерін сипаттайды;

-тәжірибе нәтижесін ауызша қорытынды жасайды.

Кейбір оқушылар

-тәжірибе нәтижесіне сыни ойлау арқылы ауызша және жазбаша қорытынды жасайды.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Өздік жұмысты-өзіндік бағалау
  • Өз-ара бағалау
  • Оқушылар қатты, сұйық және газдардағы қысымның ерекшеліктерін сипаттау барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Ноутбукпен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін орындауын қадағалау.

Эксперименттік тапсырмалар барысында техника қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау,

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу