Адам қаңқасының құрылысы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушыларға «Ой шақыру» сұрақтарын оқушылардың бұрынғы білімін тексеру және жаңа тақырыпқа бейімдеу қажет. Сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз. Миға шабуыл арқылы оқушыларды жаңа сабаққа бейімдейсіз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет.
Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипция ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.
Жаңа тақырыпты игеруді бастамас бұрын оқушылар шағын бейне ролик көреді. Бейнежазбадан соң оқушыларға сұрақтар қою арқылы диалогтың әңгімені дамытыңыз. Сол арқылы жаңа тақырыпты тереңірек түсінуге, сыни ойлау дағдыларын дамытуға жағдай жасайсыз. Оқушылар жұппен жұмыс жасау арқылы жаңа тақырыпты зерттейді. Оқушыларға омыртқалы жануарлардың қаңқа суреттері бар жұмыс парақтары ұсынылады. Оқушылар әр тапсырманы жеке орындайды. Оқушылар жұпта өз жұмысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін тексеру жүргізеді. Бірін-бірі толықтырады және бағалайды. Сол арқылы оқушылар бірлесе жұмыс жасау арқылы жұмыстың жалпы қорытындысын жасайды.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырма дескрипторларын көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Сәттілік ағашы» тәсілі арқылы кері байланыс жасауы қажет.
Пайдалы сілтемелер:
https://dictionary.cambridge.org/
немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
http://www.aschool.us/random/random-pair.php
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?