Бұлшық еттің құрылысы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушыларға ой шақыру сұрақтарын қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз. Сұрақтардың көбі жоғары ойлау деңгейінің сұрақтары болғандықтан оқушыларға ойлануға мүмкіндік беріңіз және өткен сабақтағы білімдерін еске түсіріңіз. Сол арқылы оқушылардың өткен сабақтағы білімін тексересіз және жаңа сабаққа бейімдейсіз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет.
Глоссариймен жұмыс жасау «Card sorting» тәсілі арқылы жұппен жасалады. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипция ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.
Жаңа тақырыпты игеруді бастамас бұрын оқушыларға миға шабуыл сұрақтарын қойыңыз. Сонымен қатар қызықты мәліметтерді келтіру арқылы жаңа тақырыпты оқуға қызығушылығын артырасыз. Егер оқушылардың өздеріне онлайн видеоны көруге мүмкіндігі болмаса, интерактивті тақтадан видеоны көріп, талқылаңыз.
Жаңа тақырыпты пысықтау барысын миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Оқушылардың сыни ойлау арқылы жаңа тақырыпты бекітеді. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырма дескрипторларын көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет және сабақ бойынша қорытынды жасалады. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Last man standing» тәсілі бойынша кері байланыс жасайды.
Пайдалы сілтемелер:
https://dictionary.cambridge.org/
немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
http://www.aschool.us/random/random-pair.php
https://kk.wikipedia.org/wiki/Бұлшықеттердің_маңызы_мен_құрылысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?