Тірі ағзалар үшін қысымның әсері. Aтмосфералық және артериялық қысымды өлшеу. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушыларға миға шабуыл сұрақтарын қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз. «Ауасыз өмір сүре аламыз ба?» Демек, Жердің атмосферасы адамдардың өмірінде өте маңызды рөл атқарады, өйткені бүкіл жер бетіндегі өмірдің ауасыз өмір сүруі мүмкін емес. Сонымен қатар бернеше мәселелік сұрақтар қою арқылы тақырыпты дамытуға болады.
- Атмосфераның тірі ағзалар үшін қажеттілігі неде?
- Атмосфералық қысым тірі ағзаларға қалай әсер етеді?
- Балықтардың физиологиялық жағдайы атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты қалай өзгереді?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады. Осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. Сұрақтардың көбі жоғары ойлау деңгейінің сұрақтары болғандықтан оқушыларға ойлануға мүмкіндік беріңіз және өткен сабақтағы білімдерін еске түсіріңіз. Сол арқылы оқушылардың өткен сабақтағы білімін тексересіз және жаңа сабаққа бейімдейсіз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет.
Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Жаңа тақырыпты игеру үшін оқушылар топқа бөлініп, әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды және басқа оқушыларға түсіндіреді. Оқушыларды топтарға бөлу үшін әртүрлі онлайн генераторларды қолдануға болады. Үлгіде берілген сайтта оқушылар қалпақ түстеріне сәйкес жақтау түстерімен кластерлерді онлайн толтыруға мүмкіндік алады. Сол арқылы постер жасауға жұмсалатын уақытты үнемдеуге болады. Сілтемелер төменде келтірілген.
Жаңа тақырыптың кейбір идеяларын түсіндіру барысын миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Оқушылардың сыни ойлау арқылы жаңа тақырыпты түсінеді. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырма дескрипторларын көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар эксперименттік тапсырма орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Қосымша 2 тапсырмасын тапсырманы ерте аяқтаған оқушыға беруге болады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет және сабақ бойынша қорытынды жасалады. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Жетістік баспалдағы» тәсілі бойынша кері байланыс жасайды.
Пайдалы сілтемелер:
https://dictionary.cambridge.org/
немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
http://www.classtools.net/education-games-php/diamond9
https://kk.wikipedia.org/wiki/Атмосфералық_қысым
https://kk.wikipedia.org/wiki/Атмосфералық_қысымның_биіктікке_байланысты_өзгеруі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?