Энергия көздері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында ойқозғау сұрағы арқылы оқушылардың энергия көздері туралы білімдерін анықтайсыз. Сонымен қатар ойқозғау сұрақтары арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады. Егер оқушылар жауап беруге қиналып жатса, EXPO-2017 көрмесінің негізгі идеясы туралы көмек көрсетуге болады. Тапсырма соңында оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет. Ой қозғау тапсырмасын орындап болған соң оқушыларға сұрақтар қоя отырып сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау қажет. Үлгі сұрақ: EXPO-2017 көрмесінің негізгі идеясын неге қарастырамыз?

 Келесі қадамда оқушылармен бірлесе отырып глоссарийді талқылаңыз. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипция ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.

 Жаңа тақырыпты игеру үшін оқушылар топтармен жұмыс жасайды. Топқа бөлу барысында оқушылардың қабілетін ескеруге немесе кездойсоқ топтарға бөлуге болады. Ол үшін арнайы веб ресурстарды қолдану жеңілірек немесе сабақ жоспарындағы үлгіні қолданыңыз. Сілтеме пайдалы сілтемелер айдарында берілген.

 Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашу үшін қосымша тапсырмаларды ұйымдастырыңыз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Күн-бұлт» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға өздерінің жауаптарын неге олай болғаны туралы негіздеп түсіндіруіне болады.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

https://dictionary.cambridge.org/

немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable

https://www.jamestease.co.uk/team-generator/

http://www.aschool.us/random/random-pair.php

http://rubistar.4teachers.org/index.php?screen=NewRubric&section_id=9#04

https://stud.kz/referat/show/55714

https://sk.kz/research/425929/8403/?lang=kz



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу