Энергия көздері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Бөлім: 6.3В Энергия және қозғалыс
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Энергия көздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.1 энергия көздерін атау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- энергия көздерін атайды;

- энергия көздерімен танысады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- энергия көздерін атай алады;

- энергия көздерін ажыратып сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- энергия көздерін ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

- энергия көздерін ауызша түсіндіре алады.

-бақылау барысында өз ойын айтады және ары қарай энергия көздерін анықтауға ой қоса алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Энергия, энергия көздері, жаңаратын, жаңармайтын, табиғи, жасанды.

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Энергия көздерінің бірнеше түрлері бар…

Болашақта энергия көздері…

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

Энергия

Энергия

Energy

Энергия көздері

Источники энергии

Source of energy

Жаңаратын

возобновляемый

Renewable

Жаңармайтын

невозобновляемый

Non-renewable

Табиғи

Натуральный

Natural

Жасанды

Искусственный

Artificial

Баламалы

Альтернативный

Alternative

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету);
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру (әр тапсырмаға берілген уақыт мезетін сақтайды, әрі топтық немесе жұптық жұмыс кезінде бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды);
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру;
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ тақырыбы энергия көздері болғандықтан, тақырып физика курсымен байланысты оқытылады.

Жаңартылатын және жаңармайтын энергия көздерін талқылау барысында экология және биология пәндерімен байланыс қарастырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды тауып, пайдалана білу

Бастапқы білім

5 сынып, Жаратылыстану

5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату

5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

4-5 мин

1. Ой қозғау

Ой қозғау сұрағы арқылы оқушылардың энергия көздері туралы білімдерін актуальдеу

  • Астанада өткізілген EXPO – 2017 көрмесін өткізудегі маңызды салалардың бірі қандай болды? Неліктен?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • энергияның өміріміздегі маңыздылығын түсіндіре алады;
  • Астанада өткізілген EXPO – 2017 көрмесінің негізгі идеяясын анықтай алады.

2. Сабақ мақсатын айқындау

Ой қозғау тапсырмасын орындап болған соң оқушыларға сұрақтар қоя отырып сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Үлгі сұрақ: ЕХРО-2017 көрмесінің негізгі идеясын атаудағы мақсатымыз қандай?

Презентация

Сабақтың ортасы

6-9 мин

10-19 мин

20-28 мин

29-33 мин

34-37 мин

3. Глоссариймен жұмыс

Оқушылардан энергия, энергия көздері, жаңаратын, жаңармайтын, табиғи, жасанды ұғымдарын қалай түсінетіндерін сұрау.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады.

4. Жаңа тақырыпты игеру

 Оқушыларды топқа бөлу арқылы ойлануға сұрақтар беру.

 1-топқа:

 Күн Жерге жарық береді және оны жылумен қамтамасыз етеді. Бұл қалай жүзеге асады? Энергия Күннен Жерге қалай беріледі?

 2-топқа:

 Адамдар өз үйлерін қалай жасанды түрде, шам мен оттың көмегімен жарықтандырды және жылытты?

 3-топқа:

 Күн мен шамның энергия берілуінің арасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

Оқушылар өз жұмыстарын ұсынады және қорғайды. Әр топтың презентациясына 2 минуттан.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • топтардың бірін-бірі бағалауы;
  • топтар бір-бірінің ойларын толықтырады.
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • энергия көзін анықтай алады;
  • энергия көзінің негізгі қасиеттерін сипаттайды;
  • энергия көзінің қолдануына мысалдар келтіре алады.

Топтар бір – біріне жетістік сатысына смайликтер жабыстыру

5. Кластерлік тапсырма:

 Топ оқушыларына «энергия», «энергия түрлері», «энергия көздері» ұғымын анықтау үшін бос кластер беріледі. Оқушылар өз ойларын жинақтап осы кластерге түсіріп бір – біріне түсіндіреді.

Қосымша ақпарат іздеу үшін ноутбуктар беріледі.

Топтық жұмыс барысында мұғалім бақылайды, қажет болған жағдайда оқушыларға бағыт-бағдар береді.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • топтар бір-бірінің ойларын толықтырады.
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • ұғымға дұрыс анықтама береді;
  • ұғымның негізгі қасиеттерін сипаттайды;
  • ұғымның қолдануына мысалдар келтіре алады.

 6. Жұптық жұмыс

 Суреттерді энергия көздері мен түрлеріне қарай ажыратып орналастыр

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • энергия көздерін дұрыс анықтайды;
  • энергия түрін дұрыс анықтайды;
  • әр энергия көздерін дұрыс бағанға жіктей алады.

 Үлгі:

Жарық

Электр

Жылу

химиялық

механикалық

 

7. Сабақты қорытындылау

 Мұғалім мен оқушылар өзара талдау жүргізе отырып, энергия көздеріне қорытынды жасайды.

Глоссарий

презентация

Қосымша 1

Әр топқа ноутбук қажет

Постерге А2-А3 форматындағы қағаз

фломастерлер

постерлер

Жетістік сатысы

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38-40 мин

8. Кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

«Күн-бұлт» әдісімен кері байланыс жасау.

Оқушыға өз жұмыстарын бағалауға мүмкіндік жасалған.

Қаншалықты ... білімді, сауатты бола алды?

Өзімнің көңіл күйімді .... бағалаймын, себебі...

Кері байланыс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Энергия көздерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі

Энергия көздерін сипаттап, оның қандай энергия көзіне жататынын ажырата алады.

Кейбір оқушылар

Энергия көздерін талдау арқылы, артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып сипаттай алады.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Топтардың бір-бірін бағалауы
  • Жұптық жұмысты өзара бағалау
  • Оқушылар энергия көздерін анықтау, салыстыру барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Ноутбукпен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін орындауын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу