Энергияны шығару және жұтылу үдерістері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
|
| |||||||||||||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||||||||||||
| Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||
| Энергияны шығару және жұтылу үдерістері | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.1.2 энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін атайды; - Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ажыратады; - Энергияны шығару және жұтылу үдерістеріне күнделікті өмірден мысалдар келтіреді. | |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін атай алады; - Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ажыратады; - Энергияны шығару және жұтылу үдерістеріне күнделікті өмірден мысалдар келтіре алады. | |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ауызша және жазбаша түрде талқылай алады. - Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ауызша түсіндіре алады. - Энергияны шығару және жұтылу үдерістеріне өмірден нақты мысалдар келтіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: Энергия, энергияның жұтылуы, энергияның бөлінуі, булану, конденсация, жылу мөлшері. Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер: Энергия жұтылу дегеніміз… Энергия бөлу дегеніміз... Глоссарий
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сабақ тақырыбы энергия бөлу және жұту болғандықтан, тақырып физика курсымен байланысты оқытылады. Табиғаттағы процесстерді сипаттау биология және экология пәндерімен байланыс қарастырылады. | |||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернетті арқылы оқыту ақпаратты іздеу және тиімді пайдалану. | |||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 5 сынып, Жаратылыстану 5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату 5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату 5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру | |||||||||||||||||||||||||||
ЖОСПАР | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-4 мин 5-9 мин | 1. Ой қозғау Ой қозғау сұрақтары арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау. Үлгі сұрақ: Неге үлкен ыдыстарда сұйықтарды сақтау барысында оған арнайы клапандар орнатады? Қалыптастырушы бағалау:
2. Глоссариймен жұмыс Оқушылармен бірге энергия, энергияның жұтылуы, энергияның бөлінуі, булану, конденсация, жылу мөлшері ұғымдары талқыланып, үш тілде мағыналары түсіндіріледі. | Презентация глоссарий | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-13 мин 14-18 мин 19-27 мин 28-33 мин 34-37 мин | 3. Жаңа ұғымдарды игеру Анықтамалармен жұмыс: Булану-дегеніміз заттың сұйық немесе қатты агрегаттық күйден газ тәрізді (бу) күйге ауысу үдерісі. Конденсация- заттың газ қалпынан сұйыққа айналуы немесе қатаюы. Анықтамалар қағазға жазылып қиылған түрде оқушыларға беріледі. Оқушылар қиықтардан сөйлем құрастыруы қажет. 4. Топтық зерттеу Мәселелік сұрақ: Сұйық булану кезінде не болады? Булану жылдамдығы неге тәуелді? 1-топқа Эксперимент. Мақтаға иіс суды және суды тамызу. Қайсысы тез буланады? 2-топқа Эксперимент. Табаққа және стаканға температурасы бірдей суды құю. Қайсысы тезірек буланады? 3 -топқа Эксперимент. Табаққа ыстық және салқын суды құю. Қайсысы тезірек буланады? 4-топқа Эксперимент: екі стақанға бірдей температурадағы ыстық суды құю. Біреуінің аузын ашық қалдыру біреуінің аузын жауып қою.Қайсысы тезірек буланады? 5. Топтардың қорытындысы: Оқушылар мынадай қорытынды шығаруы қажет: Сұйықтың булану жылдамдығы мыналарға тікелей тәуелді: бетінің ауданына, температурасына, сұйықтың тегіне. Топтар өздерінің эксперименттеріне қорытынды жасайды. Жасаған қорытындысын басқа оқушыларға айтады және неліктен олай болатынын түсіндіріп береді. Әр топқа 2 минуттан уақыт беріледі. Қалыптастырушы бағалау:
6. Сұрақтар мен тапсырмалар: өздік жұмыс Қалыптастырушы бағалау:
7. Сабақты қорытындылау Қорытындылау сұрақтары:
Оқушылар ойланып сұрақтарға жауап береді. Бірін-бірі толықтырады. Қажет болған жағдайда мұғалім бағыт-бағдар береді. | Презентация Қосымша 1 Мақта, иіс су, су, бетінің ауданы әр түрлі ыдыстар, Ыстық су, А3 форматындағы қағаз, фломастерлар постерлер Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | 8. Кері байланыс «Үш сәт» әдісі «Үш сәт» әдісі. Оқушылар сабақ барысында қиындық туғызған үш сәтті атап, оларды жақсарту шараларын ұсынады. | Кері байланыс | ||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін атай алады; Оқушылардың көпшілігі Энергияны шығару және жұтылу үдерістерін ажырата алады; Өмірден мысалдар келтіре алады. Кейбір оқушылар Энергия үдерістерін сипаттап, оны түсіндіре алады. Өмірден мысалдар келтіреді. Булану жылдамдығының ортадағы шамаларға (температура, аудан, сұйықтың тегіне) тәуелділігін анықтайды. |
| Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау Эксперименттік тапсырмалар барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын мұқият қадағалау (ыстық су, шыны ыдыстар, әйнекпен жұмыс). | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?