Электр энергиясының бірлігі және құны. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
|
| ||||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||||
| Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
| Электр энергиясының бірлігі және құны | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.1.3 электр энергиясының бірлігін атау 6.5.1.4 электр энергиясының құнын есептеу | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - Электр энергиясының бірлігімен танысады; - Электр энергиясының мөлшерін есептейді; - Электр энергиясының құнын есептейді; | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - Электр энергиясының бірлігін атай алады; - Электр энергиясының мөлшерін есептей алады; - Электр энергиясының құнын есептей алады; | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - Электр энергиясының бірлігін ауызша түрде талқылай алады. - Электр энергиясының бірлігін ауызша ауызша түсіндіре алады. - Электр энергиясының құнын жазбаша есептей алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Электр тогы, электр энергиясы, құны, электр энергиясының бірлігі Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер: Электр энергиясы дегеніміз… Энергия құнын анықтау үшін... Глоссарий
| ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Электр энергиясының құнын есептеу формуласын қолдану және бірлігін анықтау физика пәнімен байланыста оқытылады. Ал электр энергиясының құнын есептеу кезінде оқушылардың математикалық дағдылары қолданылады. | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет арқылы ақпарат іздеу, қосымша ақпаратты тиімді пайдалану. | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 5 сынып, Жаратылыстану 5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату 5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату 5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру 5.5.1.4 ғимараттарда жылу оқшаулағыштарын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру | ||||||||||||||||||||||||
ЖОСПАР | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-4 мин 5-9 мин | 1. Сергіту сәті Оқушылар өз қолдарын алып, тізбек бойымен бір-бірінің қолдарын қысады. Сұрақтар: - Ең күшті қысу кімде болды? - Неге деп ойлайсыз? - Электр тоғының күші қандай? Қалыптастырушы бағалау:
2. Өткен білімді жаңарту Жұппен жұмыс істеу. Диаграмманы толтырыңыз. Басқа жұппен алмасу. Айырмашылықты талқылаңыз. Мұғалім ауызша түсініктеме береді. Қалыптастырушы бағалау:
| Презентация Қосымша 1 | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-18 мин 19-26 мин 27-32 мин 33-35 мин | 3. Жаңа тақырыпты игеру Жұппен жұмыс істеу. Жұптасқан оқушылар бірнеше сұрақтарды алады. Өздері талқылайды және жауаптардың қысқа жазбаларын жазады. Сұрақтар:
Оқушылар өз жауаптарын айтады, талқылайды және бірін-бірі толықтырады. Қалыптастырушы бағалау:
4. Электр энергиясыңы бірлігі мен құны Электр энергиясын өлшеу үшін барлық жерде жүйелік емес бірлік кВт·сағ қолданылады. кВт·сағ пен джоульдің қатынасын қуаттың бірлігі Ватты қолданып шығаруға болады: 1 Дж= 1Вт*1с 1Вт*сағ=3600Дж=3,6кДж 1кВт*сағ=3600кДж=3,6МДж а) Бір айдағы тұтынылған энергия санын санағыш көрсеткіштерінің айырмасы арқылы анықтайды; б) 1кВт*сағ электр энергиясының құны тариф деп аталады. Тарифті біле отырып, бір айдағы барлық құнды есептейді. Энергия = қуат∙ уақыт. с) 1 кВт сағаттағы электр қуатының тарифын біле отырып, онын құнын есептейді. Электр энергиясын есептеу мысалдары келтіріледі: Мысалы: Қуаты 2 кВт құрал 6 сағат жұмыс істегенде қанша электр энергиясы жұмсалады? Жауабы: 2 х 6 = 12 кВт·сағ. 5. Жаңа білімді бекіту Өздік жұмыс Оқушылар берілген таратпа материалдар бойынша өздік жұмыс орындайды Қалыптастырушы бағалау:
6. Сабақты қорытындылау Сонымен біз бүгін төмендегі ақпаратпен жұмыс жасадық: - Электр энергиясының бірлігін анықтау; - Электр энергиясының құнын есептеу; Осыған байланысты қандай ұсыныс, сұрақ, пікірлерің бар? | Презентация Қосымша 2 Презентация Қосымша 3 | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-38 мин 39-40 мин | 7. Кері байланыс «Телеграмма» Бүгінгі таңда сыныпта ::::: Жұмысқа 2 минут беріледі. Сендерге кімнің жеделхатын оқығым келеді? Сен бүгінгі сабақта кішігірім жаңалық аштың ба? Үй тапсырмасы: Үйдегі телевизордың бір айдағы электр энергиясының мөлшерін және құнын есептеу. | Кері байланыс | |||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар -Энергияның бірлігін атайды Оқушылардың көпшілігі - Электр энергиясының құнын есептей алады; Кейбір оқушылар Электр энергиясын тиімді пайдалану жолдарын ұсына алады. |
| Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?