Электр энергиясының бірлігі және құны. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 Сабақтың басында оқушылармен «Сергіту сәті» жүргізіледі. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады және осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауға мүмкіндік жасайсыз. Сұрақтар арқылы оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайсыз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет.

 Сонымен қатар, өткен білімді пысықтау үшін оқушыларға диаграмма толтыртыңыз. Толтырған диаграмманы жұптар ауысып тексертіңіз. Кері байланыс жасаңыз. Осыдан кейін оқушылармен бірлесе отырып глоссарийді талқылап өтіңіз, себебі сабақ жоспарында оған арнайы уақыт берілмеген. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз.

 Жаңа тақырыпты игеруді бастамас бұрын оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін жұппен жұмыс жасалады. Жұптасқан оқушылар бірнеше сұрақтарды алады. Өздері талқылайды және жауаптардың қысқа жазбаларын жазады.

 Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашу үшін қосымша тапсырмаларды ұйымдастырыңыз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Телеграмма» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушының жеделхаттарын оқуға рұхсат беріңіз. Үй жұмысы тақырыпты пысықтауға арналған. Мүмкіндігінше барлық оқушыларға орындауға кеңес беріңіз.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

https://dictionary.cambridge.org/

немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable

https://www.jamestease.co.uk/team-generator/

http://www.aschool.us/random/random-pair.php

https://www.esalmaty.kz/ru/8-news/112-primery-raschetov-za-potreblennuyu-elektroenergiyu-po-tarifam-differentsirovannym-v-zavisimosti-ot-ob-emov-potrebleniya-elektroenergii

https://raschetgkh.ru/articles/173-kak-rasschitat-oplatu-za-elektricheskuyu-energiyu-po-svoej-kvartire.html

https://lifehacker.ru/kak-ekonomit-elektroenergiyu/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу