Электр энергиясының бірлігі және құны. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Бөлім: 6.3В Энергия және қозғалыс
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Электр энергиясының бірлігі және құны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.3 электр энергиясының бірлігін атау

6.5.1.4 электр энергиясының құнын есептеу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- Электр энергиясының бірлігімен танысады;

- Электр энергиясының мөлшерін есептейді;

- Электр энергиясының құнын есептейді;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- Электр энергиясының бірлігін атай алады;

- Электр энергиясының мөлшерін есептей алады;

- Электр энергиясының құнын есептей алады;

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- Электр энергиясының бірлігін ауызша түрде талқылай алады.

- Электр энергиясының бірлігін ауызша түсіндіре алады.

- Электр энергиясының құнын жазбаша есептей алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр тогы, электр энергиясы, құны, электр энергиясының бірлігі

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Электр энергиясы дегеніміз…

Энергия құнын анықтау үшін...

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

Энергия

Энергия

Energy

Электр тогы

Электрический ток

Electricity

Электр энергиясы

Электрическая энергия

An electric energy

Электр энергиясының құны

Стоимость электрической энергии

Cost of electricity

Электр энергиясының бірлігі

Единица электрической энергии

Unit of electricity

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету);
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру (әр тапсырмаға берілген уақыт мезетін сақтайды, әрі топтық немесе жұптық жұмыс кезінде бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды);
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру;
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Электр энергиясының құнын есептеу формуласын қолдану және бірлігін анықтау физика пәнімен байланыста оқытылады.

Ал электр энергиясының құнын есептеу кезінде оқушылардың математикалық дағдылары қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Электр энергиясын үнемді пайдалану туралы интернеттен арқылы ақпарат іздеу, қосымша ақпаратты тиімді пайдалану.

Бастапқы білім

5 сынып, Жаратылыстану

5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату

5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату

5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру

5.5.1.4 ғимараттарда жылу оқшаулағыштарын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6 мин

1. Ой шақыру

Суретпен жұмыс

Презентация арқылы оқушыларға әртүрлі суреттер көрсетіледі.

  • жүріп бара жатқан машина;
  • ұшақ (механикалық энергия);
  • жанып тұрған үстел лампасы;
  • ток көзіне қосулы тұрған қалта телефоны (электр энергиясы);
  • май шам;
  • Күн (жарық энергиясы);
  • газ плитасы;

Оқушылар суретке қарап, бір-бірімен талқылай отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашып алады. Сонымен қатар, сабақта қол жеткізуге тиісті мақсатты ашу қарастырылады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • энергия ұғымын түсіндіре алады;
  • энергия түрлері мен көздерін сипаттай алады;
  • электр энергиясының қолданылуын сипаттайды;

Презентация

Әр түрлі суреттер

Сабақтың ортасы

7-16 мин

17-22 мин

23-30 мин

31-35 мин

2. Топтық жұмыс

Сыныпты 4 топқа бөлеміз. Ол үшін оқушыларға пазлдар таратылады, дұрыс суретті құрастырған оқушылар бір топ болады. Осылай оқушыларды 4 топқа бөлеміз.

Оқушылар топтармен бірге келесі сұрақтарды талқылайды:

  • Ұшақ, машина неліктен қозғалады?
  • Ненің көмегімен қалта телефоны, электр шамы жұмыс жасайды?
  • Май шам және Күн бізге не береді?
  • Қыздырғыш және газ плитасы бізге не үшін керек?
  • Гальваникалық элемент бізге қандай қызмет атқарады?

Берілген сұрақтарды талқылап болған соң, әр топ өз жауаптарын айтады, ал қалған оқушылар жауаптарды толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • топтардың бірін-бірі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • энергия түсінігін анықтай алады;
  • энергия түрлері мен көздерін сипаттай алады;
  • электр энергиясының қолданылуын сипаттайды;

3. Жаңа тақырыпты меңгеру

Жұппен жұмыс.

Әрбір жұпқа сұрақтар таратылады. Жұбымен бірге сұрақтарды талқылай отырып, жауаптарын қысқаша түрде дәптерге жазады.

Оқушылар өз жауаптарын айтады, талқылайды және бірін-бірі толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • жұптардың бірін-бірі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • энергия түсінігін анықтай алады;
  • объектілерді салыстырып, дұрыс пікірді тұжырымдайды;
  • құралдардың тұтынатын энергия мөлшерін бағалай алады.

4.Электр энергиясыңы бірлігі мен құны

Пайдаланылған электр энергиясын есептеу үшін, электр есептегіш құралы қолданылады. Ең болмағанда бір электр құралы токқа қосулы тұрса есептеуіш құралы жұмыс жасайды. Электр энергиясын есептеуіш құралының жұмысы ток көзіне қосылған электр құралының қуатына байланысты.

1-сурет

Тізбектегі токтың жұмысын есептеу үшін қажетті құралдар: амперметр, вольтметр және сағат.

(Оқушылар дәптерге жазады)

A = P t

1 Дж= 1 Вт*с

1 Вт*сағ = 3600 Дж

1 кВт*сағ = 3600*1000 Вт*сағ = 3 600 000 Дж

5. Жаңа білімді бекіту

Оқушылар берілген таратпа материалдар бойынша өздік жұмыс орындайды

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • оқушының өзін-өзі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • электр энергиясының бірлігін дұрыс қолданады;
  • электр энергиясы мөлшерін дұрыс анықтайды;
  • электр энергиясының құнын дұрыс есептейді;

6. Сабақты қорытындылау

Сонымен біз бүгін төмендегі ақпаратпен жұмыс жасадық:

- Электр энергиясының бірлігін анықтау;

- Электр энергиясының құнын есептеу;

Осыған байланысты қандай ұсыныс, сұрақ, пікірлерің бар?

Презентация

Әр түрлі суреттер қимасы

Қосымша 1

Презентация

Қосымша 2

Сабақтың соңы

36-38 мин

39-40 мин

7. Кері байланыс «Көңіл күй»

Бүгін сабақта мен білдім…….

Маған ұнағаны……….

Мені қызықтырды……..

Бұл сабақ мені…….үйретті

Сабақ уақытында алған білімнің маңызы және құндылығы қандай?

Үй тапсырмасы: Үйдегі тоңазытқыштың бір айдағы электр энергиясының мөлшерін және құнын есептеу.

Кері байланыс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Энергияның бірлігін атайды.

Оқушылардың көпшілігі

- Электр энергиясының құнын есептей алады;

Кейбір оқушылар

Электр энергиясын тиімді пайдалану жолдарын ұсына алады.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Оқушының өзін- өзі бағалауы
  • Жұптық жұмысты өзара бағалау
  • Электр энергиясының мөлшері мен құнын есептеу барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу