Электр энергиясының бірлігі және құны. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушылармен «Ой шақыру» жүргізіледі. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады және осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауға мүмкіндік жасайсыз. Берілген суреттер арқылы оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайсыз. Мысалы, берілген суреттердің қандай ортақ белгілерін анықтауға болады? Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет. Осыдан кейін оқушылармен бірлесе отырып глоссарийді талқылап өтіңіз, себебі сабақ жоспарында оған арнайы уақыт берілмеген. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз.
Жаңа тақырыпты игеруді бастау үшін оқушылар топпен жұмыс жасайды. Топқа бөлу барысында оқушылардың қабілетін ескеруге немесе кездойсоқ топтарға бөлуге болады. Ол үшін арнайы веб ресурстарды қолдану жеңілірек немесе сабақ жоспарындағы үлгіні қолданыңыз. Сілтеме пайдалы сілтемелер айдарында берілген. Қажет болған жағдайда топтық жұмысты бағалау үшін арнайы қосымша дескрипторларды оқушылармен бірігіп дайындаңыз. Ол үшін төмендегі веб сайттан қажетті критерийлерді таңдап алып, рубрикаларды қағазға шығарып жұмыс басталғанда оқушыларға беруге болады.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашу үшін қосымша тапсырмаларды ұйымдастырыңыз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Көңіл-күй» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға өздерінің көңіл-күйі туралы пікірлерін айтуға мүмкіндік беріңіз. Үй жұмысы тақырыпты пысықтауға арналған. Мүмкіндігінше барлық оқушыларға орындауға кеңес беріңіз.
Пайдалы сілтемелер:
https://dictionary.cambridge.org/
немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?