Баламалы энергия көздері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушылармен «Ой қозғау» жүргізіледі. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады және осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындауға мүмкіндік жасайсыз. Қажет болған жағдайда қысқарған сөздердің мағынасын түсіндіре кетіңіз. Мысалы, ЖЭС-жылу электр станциясы, СЭС-су электр станциясы, АЭС-атом электр станциясы. Сұрақтар арқылы оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтаңыз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет.
Осыдан кейін оқушылармен бірлесе отырып глоссарийді талқылаңыз. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Қажет болған жағдайда ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипциясы ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.
Жаңа тақырыпты игеру барысында оқушылар топпен жұмыс жасайды. Топқа бөлу барысында оқушылардың қабілетін ескеруге немесе кездойсоқ топтарға бөлуге болады. Ол үшін арнайы веб ресурстарды қолдану жеңілірек. Сілтеме пайдалы сілтемелер айдарында берілген. Топтық жұмысты бағалау үшін арнайы қосымша дескрипторларды оқушылармен бірігіп дайындауға болады. Ол үшін төмендегі веб сайттан қажетті критерийлерді таңдап алып, рубрикаларды қағазға шығарып жұмыс басталғанда оқушыларға беруге болады.
Оқушылар топтардың жауаптары негізінде (қолдау көрсету үшін мүмкін деңгейі төмен оқушыға /топқа жауаптары немесе жартылай жауаптары бар парақшалар беру керек), сызба арқылы тақырыпты ашып жұмыс дәптерлеріне жазып алады.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашу үшін қосымша тапсырмаларды ұйымдастырыңыз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Бағдаршам» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушының жауабын түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Үй жұмысы тақырыпты терең түсінген оқушыларға арналған. Мүмкіндігінше барлық оқушыларға орындауға кеңес беріңіз.
Пайдалы сілтемелер:
https://dictionary.cambridge.org/
немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable
https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
http://www.aschool.us/random/random-pair.php
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?