Баламалы энергия көздері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Бөлім: 6.3В Энергия және қозғалыс
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Баламалы энергия көздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.5 Энергия алудың баламалы көздерін ұсыну.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- Энергияның баламалы көздерімен танысады;

- Энергияның тиімді баламалы көздерін ұсынады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- Энергияның баламалы көздерін атай алады;

- Энергияның тиімді баламалы көздерін ұсына алады;

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- Электр энергиясының баламалы көздерін ауызша түрде талқылай алады.

- Электр энергиясының баламалы көздерін ауызша ауызша түсіндіре алады.

- Электр энергиясының баламалы көздерін ауызша талдап, тиімді жолын ұсына алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр тогы, электр энергиясы, балама, жаңаратын, жаңармайтын, табиғи, жасанды

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Энергия көздерінің бірнеше түрлері бар…

Баламалы энергия көздері тиімді болуы үшін...

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

Энергия

Энергия

Energy

Энергия көздері

Источники энергии

Source of energy

Электр энергиясы

Электрическая энергия

An electric energy

Жаңаратын

возобновляемый

Renewable

Жаңармайтын

невозобновляемый

Non-renewable

Табиғи

Натуральный

Natural

Жасанды

Искусственный

Artificial

Баламалы

Альтернативный

Alternative

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету);
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру (әр тапсырмаға берілген уақыт мезетін сақтайды, әрі топтық немесе жұптық жұмыс кезінде бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды);
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру;
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ тақырыбы баламалы энергия көздері болғандықтан, тақырып физика курсымен байланысты оқытылады.

Жаңартылатын және жаңармайтын энергия көздерін талқылау барысында экология және биология пәндерімен байланыс қарастырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Топтық жұмыс кезінде интернет арқылы ақпарат іздеу, қосымша ақпаратты тиімді пайдалану.

Бастапқы білім

5 сынып, Жаратылыстану

5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату

5.5.1.5 жылулық ұлғаюды сипаттау

5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

5-9 мин

1. Ой қозғау: тақырыпты анықтау мақсатты тұжырымдау

Оқушыларды топтарға біріктіру: ЖЭС, СЭС, АЭС.

( Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор болып бір-бірін сайлайды)

Бүгін топтардың атаулары өзгеше. Қандай пікірлерің бар?

- бүгін сабақ не туралы болады?

- қандай тақырыпты өтеміз?

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • электр энергиясының көздерін ажарата алады;
  • энергия көздерінің ерекшеліктерін атай алады;
  • сабақ тақырыбын анықтай алады.

2. Глоссариймен жұмыс

Оқушылармен бүгінгі сабақта кездесетін терминологиямен таныстыру, мағыналарын сұрау. Терминдерді 3 тілде таныстыру.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

-терминдердің мағынасын түсіндіре алады;

-Терминдердің 3 тілде аудармасын түсіндіре алады;

Презентация

Глоссарий

Сабақтың ортасы

10-15 мин

16-21 мин

22-27 мин

28-29 мин

30-36 мин

3. Топтық жұмыс

Оқушылар сабақ басында бөлінген топтар бойынша жұмыс жасайды. Сурет немесе графикалық сызба бойынша энергия алудың баламалы көздері туралы мини хабарлама дайындау.

Тапсырма:

  • Энергия тудыратын баламалы көзді атау;
  • Энергия тудыратын баламалы энергия көзі қалай жұмыс істейді.

Топ мүшелерінің жауаптарын тыңдау. Әр топқа 2 мин

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • топтардың бірін-бірі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

-баламалы энергия көзін атай алады;

- баламалы энергия көзінің жұмыс принципін сипаттай алады;

- баламалы энергия көзінің ерекшелігін көрсете алады.

4. Жеке жұмыс

Оқушылар жауаптар негізінде(қолдау көрсету үшін мүмкін деңгейі төмен оқушыға /топқа жауаптары немесе жартылай жауаптары бар парақшалар беру керек), сызба арқылы тақырыпты ашып жұмыс дәптерлеріне жазады немесе толықтыра сызады.

5. Сергіту сәті

Мұғалім Энергия көздерін дауыстап айтады, ал оқушылар: «ЖЭС – секіру, СЭС - отыру, АЭС – 2 рет қол шапалақтау, Күн энергиясы- 3 рет қол шапалақтау және оңға-солға иілу» жаттығуларын жасайды

6. Тақырыпты бекіту

Жұмысты орындау критерийлерін анықтап алу – 2 минутОқулық мәтіні бойынша оқи отырып зерттеп, нәтижесін сұрақтар түрінде ұсыну /3 жабық сұрақтар мен 3 ашық сұрақтар құрастыру/Сұрақтарға жауапты А4 парағына жазу.

  • Сұрақтармен басқа топтармен алмасып, жауаптар жазу

Қорытындылау: бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • жұптардың бірін-бірі бағалауы;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

-баламалы энергия көзін атай алады;

- баламалы энергия көзінің жұмыс принципін сипаттай алады;

-баламалы энергия көзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді.

А2-А3 форматындағы қағаз

маркерлер

әр топқа ноутбук

Жұмыс дәптері

Презентация

А4 парақтары

Сабақтың соңы

37-38 мин

39-40 мин

7. Кері байланыс «Бағдаршам»

Бағдаршам тәсілі арқылы оқушылар сабақ соңындағы көңіл күйін белгілейді.

«жасыл»-бәрі тамаша, барлығын түсіндім және орындадым.

«сары» - орташа, кейбір жұмыстарды орындай алмадым.

«қызыл» - онша емес, көптеген сұрақтарым бар.

8. Үй тапсырмасы: “Менің баламалы энергия көзім” тақырыбына эссе жазу (80 сөзге дейін)

Кері байланыс

Бағдаршам сурет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

-Энергияның баламалы көздерін атайды

Оқушылардың көпшілігі

- Энергияның баламалы көздерін артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды, ұсынады.

Кейбір оқушылар

“Менің баламалы энергия көзім” тақырыбына эссе жазады. Артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып қорытынды жасайды.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Оқушының өзін- өзі бағалауы
  • Топтардың өзара бағалауы
  • Электр энергиясының баламалы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Ноутбуктармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін еске сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу