Баламалы энергия көздері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында оқушылармен «Ой шақыру» жүргізіледі. Осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады және жаңа тақырыпқа қызығушылығын арттыру жоспарланған. Шағын бейне роликтен соң сұрақтар қою арқылы оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтаңыз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет.

 Осыдан кейін оқушылармен бірлесе отырып глоссарийді талқылаңыз. Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Егер оқушылар терминдері түсіндіре алмаса, оның мағынасын түсіндіріңіз. Қажет болған жағдайда ағылшын тіліндегі терминнің оқылуы мен транскрипциясын анық айтып өтіңіз және оқушыларға ағылшын тіліндегі сөздерді қайталап айтқызыңыз. Транскрипция барысында қиындық туындаса Кембридж университетінің сөздер транскрипциясы ресурсын қолдануға болады. Сілтеме төменде келтірілген.

Жаңа тақырыпты игеру барысында оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Оқушылар жұппен сурет немесе графикалық сызба бойынша энергия алудың баламалы көздері туралы мини хабарлама жасайды және берілген сұрақтарға жауап дайындайды. Жұптардың жұмыстары талқылап болған соң, балама энергия түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалады, сол арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту жұмыстарын жүргізіңіз. Әрбір оқушы өз ойын айтады және бірін-бірі толықтырады. Топтық тартыс-дискуссия кезінде оқушылардың нақты дәлелдер мен негіздемелер келтіріп өз ойларын білдіруге мүмкіндік жасаңыз.

 Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Жетістік баспалдағы» деп аталатын әдіс бойынша кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушының жауабын түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Үй жұмысы тақырыпты терең түсінген оқушыларға арналған. Мүмкіндігінше барлық оқушыларға орындауға кеңес беріңіз.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

https://dictionary.cambridge.org/

немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable

https://www.jamestease.co.uk/team-generator/

http://www.aschool.us/random/random-pair.php

https://prezi.com/vy5vyswrumcu/presentation/

https://egemen.kz/article/balamaly-quat-koezderi



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу