Ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6.3А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.6 ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • өсімдік ағзасындағы қоректік заттардың тасмалдану ерекшеліктерін анықтау;
  • қоректік заттардың тасымалындағы диффузия мен осмос үдерістерінің рөлін сипаттау

 Бағалау критерийлері:

1. өсімдік ағзасына еретін және бөлініп шығатын заттарды анықтайды;

2. диффузия және осмос үдерістеріне тән ерекшеліктерді сипаттайды;

3. диффузия және осмос үдерістерінің заттар тасымалындағы рөлін талдайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

«диффузия» және «осмос» түсініктерін байланыстыратын тірі ағзалардағы үдерістердің маңызы туралы жазбалар жасап, есеп дайындай алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диффузия, осмос, оттегі, қант, көмірқышқыл газы, су булары

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

  • Өсімдіктер ағзасындағы диффузия... болып табылады, өйткені…
  • Осмос өсімдіктер үшін....болып табылады, өйткені ...

 Құндылықтарды дарыту

 

Жұпта және топта жұмыс істеу барысында ынтымақтастық, өзіне және басқаларға құрметпен қарау, академиялық адалдық - өз бетімен жұмыс істеу, ашықтық - оқушылар сабақтың мақсаттарын және міндеттерін өз бетінше анықтай алады.

 Пәнаралық байланыстар

Биологиялық ұғымдар туралы көбірек біледі.

НЕМЕСЕ

Топта жұмыс істегенде оқушылар биологиялық терминдерді қолданатын болады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта тірі және өлі табиғаттағы үдерістермен танысты. Диффузия газдардың немесе сұйықтықтардың араласуы туралы 5 сыныпта алған білімдерін қайталайды және бөлшектер ұғымы сипаттау арқылы бастапқы білімдеріне формативті баға алады. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында бөлшектер қозғалысы туралы білімдерін (бөлшектер модельдерінің теориясы) мысалдармен түсіндіру арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушыларды қызыл, жасыл, сары және көк деп түстерді атау арқылы тортарға бөліңіз. Әр топқа сынауықтағы суға салынған азықтық бояумен боялған әр түсті гүл күлтелерін беріңіз. Бояудың гүл күлтелеріне қалай жеткендігі жайлы болжамдар айтады. Қажетті заттар жасушаға қалай түсетіні туралы өз білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.

Мұғалім ұсынған тамыр, жапырақ және сабақты көрсететін өсімдіктің сызбасында су, минералды заттар және көмірқышқыл газының өсімдік ағзасына енуін және су мен оттегінің өсімдіктен шығуын көрсететін белгілер қояды.

Дескрипторлар

 Оқушы

Өсімдік ағзасына енетін заттардың бағытын көрсетеді. Өсімдік ағзасында қандай үдерістің жүріп жатқанын анықтайды.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың ортасы

10-15

15-25

25-37

4. Мәтін «Өсімдік ағзасындағы заттар тасымалы»

Су мен онда еріген минералды заттар тамырдан жоғары қарай сабақ арқылы ағаш сүрегі бойымен көтеріледі. Бұл — заттардың жоғары ағысы. Егер сиямен боялған суға ұзын сабақты бальзамин бұтағын салса, судың сабақ бойымен жапыраққа қарай олардың жүйкелерін бояп, жоғары көтерілгенін көруге болады (1-сурет).

1-сурет

Сабақ түтіктерімен судың қозғалуы диффузия.

Сабақ бойымен өтетін түтіктер жапыраққа дейін тарамданып, жапырақта да тармақталады. Осы түтіктер арқылы су жапыраққа жеткізіледі. Судың сабақ бойымен көтерілуіне тамырдағы қысым мен жапырақтағы судың булануының үлкен әсері бар. Жапырақтағы буланған судың орнына үнемі жаңасы келіп отырады. Жапырақтағы органикалық заттар өсімдіктің барлық бөліктеріне тіннің сүзгілі түтікшелері арқылы тарайды. Бүл — өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ететін заттардың төменгі ағысы. Осмос дегеніміз жартылай өткізгішті мембрана арқылы судың бір жақты диффузиясы (өтуі), мысалға, бұл өсімдік және хайуан жасушаларындағы мембраналар арқылы жүзеге асады. Су тамырлардан сабаққа жоғары қарай көтерілетіндіктен, ол жойылған нәрсенің орнын толтыру үшін тамырларға таралуға тырысады.

5. Топтық жұмыс. «Өсімдік ұлпасындағы осмос»

Оқушылар өсімдік ұлпасындағы осмосты көрсету үшін эксперимент жүргізеді.

  • 3 стакан алып, 1 стаканға – таза су, 2 стаканға – тұздың әлсіз ерітіндісін, 3 стаканға – тұздың күшті ерітіндісін кұй.
  • Салмағы 4,0 г болатындай картоптың 3 бөлігін өлше.
  • Әр бөліктің салмағын жазып ал.
  • Картоптың 3 бөлігін 3 стаканға бір уақытта сал.
  • Бөліктерді ерітіндіде 20 минутқа қалдыр.
  • 20 минут өткен соң алып, оның массасын өлшеу алдында қағаз сүлгімен картоптың бөлігін кептір.
  • Жаңа салмағын кестеге жаз.
  • Нәтижесін түсіндір.

Дескрипторлар

Оқушы

- өсімдік жасушасындағы осмосты сипаттайды;

- ағзадағы бөлшектердің қозғалысының маңызын анықтайды;

Мұғалім кері байланыс береді.

6. Сабақты бекіту

Оқушылар бейнебаян көріп, су мен қоректіқ заттардың тамыр бойымен қозғалуымен танысады және өсімдіктердегі судың қозғалысын модельдейді.

Дескрипторлар

Оқушы

Өсімдік ағзасындағы судың тамырдан жапыраққа дейінгі тасымалын көрсетеді.

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Өсімдіктегі су тасымалы туралы бейнебаян:

https://www.youtube.com/watch?v=l7s5kJr1yRU

Сабақтың соңы:

37-40

7. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Кері байланыс «Табыс сатысы» әдісі

  • 1-ші баспалдақ Мен............. БІЛЕМІН
  • 2-ші баспалдақ  Мен ............ ТҮСІНЕМІН
  • 3-ші баспалдақ  Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН

Қосымша 6

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (суреттерді салыстыру және талдау). Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қызығушылығы төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қызығушылығы жоғары оқушыларға күрделендірілген тапсырмалар ұсынылады.

Диффузия газдардың немесе сұйықтықтардың араласуы туралы 5 сыныпта алған білімдерін қайталайды және бөлшектер ұғымы сипаттау арқылы бастапқы білімдеріне формативті баға алады. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыс арқылы өсімдік ағзасындағы осмос үдерісін түсіндіру дағдыларынады.

Ең қауіптісі - өткір скальпельді пайдалану, бұл ұқыптылықты талап етеді.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Өсімдік ағзасындағы заттар тасымалы

Су мен онда еріген минералды заттар тамырдан жоғары қарай сабақ арқылы ағаш сүрегі бойымен көтеріледі. Бұл — заттардың жоғары ағысы. Егер сиямен боялған суға ұзын сабақты бальзамин бұтағын салса, судың сабақ бойымен жапыраққа қарай олардың жүйкелерін бояп, жоғары көтерілгенін көруге болады (1-сурет).

1-сурет

Сабақ түтіктерімен судың қозғалуы диффузия.

Сабақ бойымен өтетін түтіктер жапыраққа дейін тарамданып, жапырақта да тармақталады. Осы түтіктер арқылы су жапыраққа жеткізіледі. Судың сабақ бойымен көтерілуіне тамырдағы қысым мен жапырақтағы судың булануының үлкен әсері бар. Жапырақтағы буланған судың орнына үнемі жаңасы келіп отырады. Жапырақтағы органикалық заттар өсімдіктің барлық бөліктеріне тіннің сүзгілі түтікшелері арқылы тарайды. Бүл — өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ететін заттардың төменгі ағысы. Осмос дегеніміз жартылай өткізгішті мембрана арқылы судың бір жақты диффузиясы (өтуі), мысалға, бұл өсімдік және хайуан жасушаларындағы мембраналар арқылы жүзеге асады. Су тамырлардан сабаққа жоғары қарай көтерілетіндіктен, ол жойылған нәрсенің орнын толтыру үшін тамырларға таралуға тырысады.

Қосымша 4

«Өсімдік ұлпасындағы осмос»

Өсімдік ұлпасындағы осмосты көрсету үшін эксперимент жүргізеді.

  • 3 стакан алып, 1 стаканға – таза су, 2 стаканға – тұздың әлсіз ерітіндісін, 3 стаканға – тұздың күшті ерітіндісін кұй.
  • Салмағы 4,0 г болатындай картоптың 3 бөлігін өлше.
  • Әр бөліктің салмағын жазып ал.
  • Картоптың 3 бөлігін 3 стаканға бір уақытта сал.
  • Бөліктерді ерітіндіде 20 минутқа қалдыр.
  • 20 минут өткен соң алып, оның массасын өлшеу алдында қағаз сүлгімен картоптың бөлігін кептір.
  • Жаңа салмағын кестеге жаз.

Стақан

Картоп бөлігінің алғашқы салмағы, (г)

Картоп бөлігінің ерітіндіден алынғаннан кейінгі салмағы, (г)

  • Нәтижесін түсіндір.

...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қосымша 5

Өсімдіктегі су тасымалы туралы бейнебаян:

https://www.youtube.com/watch?v=l7s5kJr1yRU

Қосымша 6

«Табыс сатысы» әдісі

1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН

2-ші баспалдағы  Мен ............ ТҮСІНЕМІН

3-ші баспалдағы  Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу