Ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушыларды топқа бөліңіз. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында солып қалған өсімдікті қалай «тірілтуді» болжау арқылы білімдерін көрсетеді.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін мұғалім ұсынған тамыр, жапырақ және сабақты көрсететін өсімдіктің сызбасында су, минералды заттар және көмірқышқыл газының өсімдік ағзасына енуін және су мен оттегінің өсімдіктен шығуын көрсететін белгілер қояды. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Сабақтың орта кезеңінде оқушылар бейнебаян көріп, су мен қоректіқ заттардың тамыр бойымен қозғалуымен танысады. Бейнероликті тамашалау алдында мұқият қарауларын сұраңыз. Содан кейін бейнеролик ақпараттарын пайдаланып, өсімдіктердегі судың қозғалысын модельдейді. Топтық жұмыс барысында оқушыларға әртүрлі рөлдерді беруге болады: тамыр, су молекуласы, минералды заттар, оттегі, көмірқышқыл газы, сабақ, жапырақ. Оқушылар әр топтың жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Сэндвич» деп аталатын әдіс бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Өз қалаулары бойынша оқушы сыныпты өз жауабымен таныстырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?