Жасуша компоненттері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар партадағы сыныптасымен жұпта жұмыс жасайды. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында пияз өңінен уақытша микропрепарат дайындап, сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек. Микропрепарат әзірлеу барысында оқушылардың ұқыптылықтары мен қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аудару қажет. Оқушылар йодпен жұмыс жасағанда қорғаныш көзәйнегін киюді және жамылғы шыны мен пышақты ұстағанда сақ болуларын қадағалаңыз.

 «Синквейн» әдісі бойынша жасуша сөзіне түсініктерін жазады. Содан кейін жасуша моделін жасап, құрамбөліктерін атайды. Модель жасау барысында оқушыларға қолданатын үшкір, өткір құралдармен ұқыпты жұмыс жасау қажеттігін ескерту қажет. Сабақ оқушылардың қабылдау типтерін ескеру бойынша қарастырылған. Топтық жұмыс барысында оқушылар мәтінді пайдалана отырып, жасуша компоненттерінің қызметтерін анықтайды. Топ жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Синквейн» деп аталатын әдіс бойынша жазбаша рефлексия жасауы қажет. Өз қалаулары бойынша оқушылар сыныпқа өз пікірін таныстырады.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=BUs6fDX2pH8 Ермексаздан жасалған өсімдік жасушасы

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу