Тірі ағзаларға тән үдерістер. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар өз қалауларымен жұптарға бөлінеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында суретте берілген ағзаларды қоректену типтері бойынша жіктейді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Сабақтың орта кезеңінде оқушылар ас қорыту мүшелерінің орналасу ретін анықтауары қажет. Сабақ оқушылардың қабылдау типтерін ескеру бойынша қарастырылған. Бейнероликті тамашалау алдында мұқият қарауларын сұраңыз. Содан кейін бейнеролик ақпараттарын пайдаланып, ас қорыту мүшелердің атқаратын қызметтерін анықтайды. Топтық жұмыс барысында оқушыларға әртүрлі рөлдерді беруге болады: зерттеуші, сипаттаушы, талдаушы және т.б. Оқушылар әр топтың жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Нысана» деп аталатын әдіс бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды